ЕРЕЖЕ
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
1. Жалпы ереже
1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру, реттеу және тиімді пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде көрсетілген Басқарманың ведомстволары бар.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысының табиғи ресурстарын тиімді пайдалануын, орман, жануарлар дүниесін, су ресурстарын реттеуді және қорғауды қамтамасыз ету, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, жануарлар дүниесін қорғау мақсатында мемлекеттік басқару;
2) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
3) адам денсаулығы мен өмірі үшін қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті, биологиялық түрлілік пен экологиялық жүйелерді сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған шекті әсерді белгілеу жолымен қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу.
16. Функциялары:
-
мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды және жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етеді;
-
жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекітуге ұсынады;
-
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызметтiң шектей отырып, осындай аймақтарды белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгізеді;
-
мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны iске асыру
жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
-
орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
-
шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
-
облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
-
ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
-
мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
-
өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
-
орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
-
орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы ұсыныс енгізеді;
-
уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
-
өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
-
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн (сүректi түбiрiмен босату үшiн мөлшерлемелердi қоспағанда) жобаларын әзiрлейдi;
-
уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;
-
өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
-
орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;
-
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
-
өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
-
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;
-
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
-
жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтуге ұсынады;
-
жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде құжаттарды дайындайды;
-
жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
-
аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
-
бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті және халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
-
жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
-
аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
-
балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
-
ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
-
рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
-
балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
-
аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушылармен шарт жасайды;
-
балық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушылармен шарт жасайды;
-
кәсіпшілік балық жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушылармен шарт жасайды;
-
екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
-
облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
-
резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
-
мемлекеттік орман қоры аумағында биотехникалық іс-шараларының өткізілуін қамтамасыз етеді;
-
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлейді;
-
бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;
-
бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады;
-
жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта тиісті негіздеме болғанда уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы суларды халықтың ауызсуға мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға оң қорытынды береді;
-
конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді.
-
халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғаларға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға оң қорытындысын тіркеуден өткізеді;
-
өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;
-
өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
-
қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi;
-
өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
-
өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгiлейдi;
-
мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
-
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;
-
қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;
-
өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
-
жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасында ескерілген табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушыларға жаза қолдану жұмысын жүргізу;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен табиғат қорғау шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен табиғатты қорғау шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және өсімдік әлем саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру.
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) құрылымдық бөлімшелер басшыларының, Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
4) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің директорларының орынбасарларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
5) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың директорларын және директорлардың орынбасарларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады және құрылымдық бөлімшелерінің Ережелерін бекітеді;
7) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
8) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
23. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жаркент орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жоңғар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Күрті орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үйгентас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үштөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш» мелиоративтік-механикаландырылған отряды мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
17) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал» мелиоративтік-механикаландырылған отряды мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.