Алматы облысының 2021 - 2025 жылдарға арналған даму жоспары облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-60 шешімімен қабылданды. Жоспарда Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында қойылған жалпыұлттық басымдықтар, міндеттер мен ұлттық жобалардың көрсеткіштері қамтылған. Экология және табиғатты пайдалану саласы бойынша жоспарда 3 мақсат пен 6 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген.
7-мақсат: Теңгерімді аумақтық даму.
Нысаналы индикаторлар:
- Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі.
- Орманмен қамтылған аумақты ұлғайту/кеңейту, оның ішінде тұқымдар мен отырғызу аймақтары бойынша нормативтік жерсінуді қамтамасыз ете отырып, 2 млрд.ағаш отырғызу есебінен.
- Экологиялық ақпараттық кампаниямен қамтылған азаматтар саны ("Жасыл Қазақстан"НП).
8-мақсат: Елдің су объектілерінің экожүйелерін сақтау және суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
- Балқаш көліне ағыны жылына кемінде 12 км3 құрайды.
9- мақсат: "Іле-Балқаш" АҚ аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау.
Нысаналы индикаторлар:
- Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жем-шөп базасын құру мақсатында "Іле-Балқаш" МДҚ-да қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту ;
- 2024 жылға дейін балық ресурстарының табиғи популяциясын 1% - ға ұлғайту, мың тонна.