Өрт қауіпі жоғарғы кезеңде жеке
тұлғалардың Алматы облысының
мемлекеттік орман қоры аумағында
болуына тыйым салу және орманды
пайдалану құқығын шектеу туралы
2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, 63-бабы 2-тармағына сәйкес, «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі жоғарғы кезеңде (жыл сайын 01 сәуірден 01 қарашаға дейін) ормандарда жеке тұлғалардың болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.
2.. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Өрт қауіпі жоғарғы кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы» №270 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылдың 21 шілдесінде №3295 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
5..Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев