Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Алматы облысы әкімдігінің «Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4751, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленетін су объектілерінің тізімі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.  

  1. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2 - су электр станциясының, 3 - су электр станциясының, 4 - су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы» 2009 жылғы 12 мамырдағы № 93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4751 тіркелген, 2009 жылдың 30 маусымында "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.

  1. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.  

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Дәндібаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Алматы облысының әкiмi                                             А. Баталов

 

Алматы облысы әкімдігінің

2021 жылғы « ___ » ___________ № _____  қаулысына 1-қосымша

 

Су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленетін су объектілерінің

тізімі

 

 

№

Атауы

Су қорғау аймақтарының ені, метр

Су қорғау белдеулерінің ені, метр

1

Қошқар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

2

Сұңқар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

100

3

Талды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

35-100

4

Тойсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

100

5

Ұзынбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

35-100

6

Шибұт өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

7

Шілікті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35

8

Арлыкголсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

100

9

Ақтан (Үшарал) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

35-100

10

Ақтам өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

100

11

Қызылащы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

35-100

12

Манапка (Қызылағаш) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

35

13

Нарынқол өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

14

Ойқайың өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

35

15

Сарыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

100

16

Үлкен Алматы Каналының су қорғау аймақтары мен белдеулері

36-500

35

17

Бөдеті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-550

100

18

Байғожа өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

19

Грязный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

20

Жылысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35-100

21

Қайназар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

22

Қара-Арша өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

23

Алтай көлдері жүйесінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100-150

24

Балқаш көлінің Лепсі ауылы маныңдағы әкімшілік шекараларының  су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

25

Алакөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

26

Қапшағай су қоймасының әкімшілік шекараларының  су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

27

Щипалка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

28

Шығыс Қарабұлак өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

29

Саты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

30

Кіші Жалаңаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

31

Чадай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

32

Муаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

33

Түрген-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

34

Бахтияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

35

Төрткөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

36

Жарылған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

37

Баубек бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

38

Үлкен Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

39

Тас Шарын бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

40

Қайназар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

41

Шақабай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

42

Шолақ-Қарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

43

Тюремный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

44

Сасықпай-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

45

Кұтырған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

46

Алдияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

47

Шығыс Дегерес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

48

Қарасу-Южный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

49

Сарғамыс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

240-600

35-100

50

Сорбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

51

Бестерек-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

52

Есентай (Весновка) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

53

Қотырбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

54

Джигитовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

55

Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

56

Мутная протока өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

57

Аршалысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

58

Көксай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

59

Ой-Жайлау өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

100

60

Қора өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

61

Байтал-Саз өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

62

Самамбай-Карасу бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

63

Жіңішке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

64

Балықты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

65

Лушев өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

66

Рахат-Микушенко өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

67

Саламатка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

68

Могильный бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

69

Садырсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

600

100

70

Бесағаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

71

Кольсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

72

Терісбұтақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-700

35-100

73

Кенсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

74

Қара-Арша өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

75

Грязный бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

76

Жылысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

77

Байтал-Саз өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

78

Сюмбе өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

79

Ұзынбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

80

Хасан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

81

Текелі өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

82

Қара-Джерік өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

83

Ақтерек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

84

Жарсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

85

Хасансай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

86

Ұзын-Құнғайлы-Басы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

87

Шұнқұрсай өзеніне өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

88

Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

89

Кішікаксусай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

90

Шет-Шийбут өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

91

Талдысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

92

Супатсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

93

Бельшабар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

94

Иссычка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

95

Ташты-Қара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

96

Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-600

35-100

 

Алматы облысы әкімдігінің

2021 жылғы «____»__________

                                                                      № ____ қаулысына 2-қосымша

 

 

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

 

  1. Бұл режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн әзірленді.
  2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

  1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

 

Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
11 октября 2021