орман қоры учаскелерінің орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру туралы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің төмендегі орманшылықтарында орманды пайдаланудың түрлері бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасы мемлекеттік орман қоры учаскелерінің орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру туралы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің төмендегі орманшылықтарында орманды пайдаланудың түрлері бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

            1.Бөрлітөбе орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

№1 лот –Құрақсу орманшылығы- бақ шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;

 №2 лот –Құрақсу орманшылығы- ғылыми-зерттеу мақсатында.

  1. Талдықорған орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

№1 лот–Аралтөбе орманшылығы – бақ шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;

№2 лот- Аралтөбе орманшылығы- сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін;

№3 лот–Көксу орманшылығы - орманды жанама пайдалану-омарта орналастыру үшін.

  1. Жаркент орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

№1 лот- Іле орманшылығы - орманды жанама пайдалану-шөп шабу үшін;

№2 лот- Іле орманшылығы - орманды жанама пайдалану- бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;

№3 лот- Көктал орманшылығы - орманды жанама пайдалану-шөп шабу үшін.

  1. Нарынқол орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

№1 лот- Байынқол орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін;

№2 лот– Байынқол орманшылығы – ғылыми-зерттеу мақсатында;

№3 лот– Қақпақ орманшылығы - орманды жанама пайдалану-мал жаю үшін;

№4 лот– Қақпақ орманшылығы - орманды жанама пайдалану-мал жаю үшін.

  1. Бақанас орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

№1 лот- Бақанас орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін;

№2 лот- Бақанас орманшылығы - орманды жанама пайдалану-мал жаю үшін.

          Тендерлік құжаттамалар пакетін 2021 жылдың 22 ақпанында сағат 11-00-ге дейін мына мекен-жайдан алуға болады: тендерлік комиссияның орналасқан жері, Талдықорған каласы,  Қабанбай батыр көшесі, 26 үй,  304 бөлме, жұмыс күндері сағат 9-00 –дан 18-00 дейін. 

          Тендерге қатысу үшін, қарымды қатысушылар тендерлік өтінімдерін желімделген конверттерге салып, Талдықорған каласы,  Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, мекен-жайындағы 304 бөлмеге тапсырады. Тендерлік өтінімдерді  тапсырудың соңғы мерзімі  2021 жылдың 23 ақпанында сағат 10-00-ге дейін.

          Тендерлік өтінімдер  салынған конверттер Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, мекен-жайындағы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасында  304 бөлмеде 2021 жылдың 23 ақпанында сағат 11-00-де ашылатын болады. Қарымды қатысушылар тендерлік құжаттар салынған конверттердің ашылуына қатыса алады.

         Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады:  8 (7282) 32-96-92.

 

 

 

орман қоры учаскелерінің орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру туралы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің төмендегі орманшылықтарында орманды пайдаланудың түрлері бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды
Дата публикации
22 января 2021