Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен бекітілген «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидасының» (бұдан әрі - Қағида) 3-тарауы 13-1, 13-2 және 13-3 тармақтарымен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 128 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген.
Осыған орай, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне осы Қағиданың 4-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz «электрондық үкімет» немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Веб-портал) арқылы жүгінеді.
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Ағаш кесу және орман билетін беру» қызмет беруші электронды түрде көрсетеді.
Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мекен жайлары:
Алақөл - Үшарал қ-сы, Қонаев к-сі № 67, lesalakol@mail.ru
Бақанас - Бақанас ауылы, Ж. Жабаев к-сі № 7, boshmm@mail.ru
Бөрлітөбе - Лепсі ауылы, Ақын Сара к-сі № 3, borlitobeles@mail.ru
Жаркент - Жаркент қ-сы, Белалов к-сі № 47А, panf_leshoz@mail.ru
Жоңғар - Қапал ауылы, Ақ қаин к-сі № 1, leshoz.kapal@mail.ru
Қаскелең - Междуреченск ауылы, Комсомол к-сі № 31, kaskelen_lh@mail.ru
Кеген - Кеген ауылы, Мықитанов к-сі № 55, kegenleshoz@mail.ru
Күрті - Желтораңғы ауылы, Балтағұл к-сі № 37, kurtyles@mail.ru
Нарынқол - Нарынқол ауылы, Аманкельді к-сі № 78, narynleshoz@mail.ru
Талдықорған - Талдықорған қ-сы, Ақ қайын к-сі № 1, taldykorgan_leshoz@mail.ru
Үйгентас - Қабанбай ауылы, Абылайхан к-сі № 312, les.hoz00@mail.ru
Үштөбе - Үштөбе қ-сы, Төлеуқұл батыр к-сі № 19, gulesushtobe@mail.ru
Ұйғыр - Шонжы ауылы, К. Мерекеев к-сі № 7, uigurleshoz@inbox.ru
Шелек - Шелек ауылы, Малай батыр к-сі № 3, leshoz.21@mail.ru