Түрген, Көкөзек және Сарқан өзендерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

Түрген, Көкөзек және Сарқан өзендерінің

су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды

шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің            116-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) сәйкес және «Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-044-193-018) шекарасы шегінде Түрген өзенінің (сол жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу», «ПК 34-35 аралығындағы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-047-141-949) шекарасы шегінде Көкөзек өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу», «Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-263-042-592) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу», «Жер учаскелері (кадастрлық нөмірлері 03-263-042-404 және 03-263-042-408) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» бекітілген жобалық құжаттамалары негізінде, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-044-193-018) шекарасы шегінде осы қаулының                              1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Көкөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-047-141-949) шекарасы шегінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. Сарқан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-263-042-592) шекарасы шегінде осы қаулының                          1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  4. Сарқан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жер учаскелері (кадастрлық нөмірлері 03-263-042-404, 03-263-042-408) шекарасы шегінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  5. Түрген, Көкөзек және Сарқан өзендерінің осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері шекаралары шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  6. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіне «Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-044-193-018) шекарасы шегінде Түрген өзенінің (сол жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын, Қарасай ауданының әкімдігіне «ПК 34-35 аралығындағы жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-047-141-949) шекарасы шегінде Көкөзек өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын, Сарқан ауданының әкімдігіне «Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-263-042-592) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу», «Жер учаскелері (кадастрлық нөмірлері 03-263-042-404 және 03-263-042-408) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобаларын жер-кадастрлық құжаттамасына өзгерістер енгізу үшін өткізіп берсін.
  7. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысының әкімі

 

 

А. Баталов

Қаулысына 1- қосымша

 

 

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-044-193-018) шекарасы шегінде Түрген өзенінің, жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-047-141-949) шекарасы шегінде Көкөзек өзенінің және жер учаскелері (кадастрлық нөмірлері 03-263-042-592, 03-263-042-404, 03-263-042-408) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

 

№

Атауы

 

Су қорғау аймағының ені, метр

Су қорғау белдеуінің ені, метр

1

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-044-193-018) шекарасы шегінде Түрген өзенінің (сол жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

550

55

 

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-047-141-949) шекарасы шегінде Көкөзек өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

70

55

 

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-263-042-592) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

2

Жер учаскелері (кадастрлық нөмірлері 03-263-042-404,            03-263-042-408) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

170-226

55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           Қаулысына 2-қосымша

 

Жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-044-193-018) шекарасы шегінде Түрген өзенінің, жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 03-047-141-949) шекарасы шегінде Көкөзек өзенінің және жер учаскелері (кадастрлық нөмірлері 03-263-042-592, 03-263-042-404, 03-263-042-408) шекарасы шегінде Сарқан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

 

  1. Бұл режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн әзірленді.
  2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

  1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Түрген, Көкөзек және Сарқан өзендерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Дата публикации
11 января 2021