
09-10 қараша күндері аралығында Қарасай ауданында (SDU университеті) «Qonaev cup 2024» Халықаралық шахмат турнирі өткізілді. Аталған ауқымды іс-шараға 11 мемлекеттерден (АҚШ, Индонезия, Беларусь, Украина, Армения, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия) халықаралық гроссмейстірлер және елімізден әуесқой шахматшылар қатысып, бақтарын сынады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.