Алматы облысында ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Сонар - 2024» халықаралық турнирі өткізілді

Алматы облысында ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Сонар - 2024» халықаралық турнирі өткізілді

       07-09 қараша күндері аралығында Еңбекшіқазақ ауданында (Төле би ауылы, «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығы) ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Сонар - 2024» халықаралық турнирі өткізілді. Аталған ауқымды іс-шараға Моңғолия, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінен және еліміздің 13 облысынан жалпы 80-нен аса спортшы қатысты (67 бүркіт, 16 қаршыға, 14 ителгі).  Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды (бүркіт 1 орын - Астана қаласы, ителгі 1 орын- Қарағанды облысы, қаршыға 1 орын- Алматы облысы).