Қонаев қаласының жағажайында «Спорт - маңызды, спорт - қажет» атты мемлекеттік қызметшілер арасында таңғы жаттығу іс-шарасы өткізілді

Қонаев қаласының жағажайында «Спорт - маңызды, спорт - қажет» атты мемлекеттік қызметшілер арасында таңғы жаттығу іс-шарасы өткізілді

      2024 жылдың 07-16 қазан күндері аралығында Қонаев қаласының жағажайында «Спорт - маңызды, спорт - қажет» атты мемлекеттік қызметшілер арасында таңғы жаттығу іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер күнделікті (10 күн бойы) сағат 07:00-де қалалық жағажайда жиналып, жеңіл атлетикалық жүгіріс және  спорттық жаттығулар жасады.

      Таңғы жаттығу күнделікті еліміздің намысын халықаралық аренада қорғап жүрген Олимпиада жүлдегерлері, Әлем және Азия чемпиондарының қатысуымен өткізілді.

    10 күндік таңғы жаттығудың нәтижесі бойынша: 1 орын - Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы, 2 орын - Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, 3 орын - Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.