Алматы облысында " Алатау - 2024" Лигасы аяқталды.

Алматы облысында  " Алатау - 2024" Лигасы аяқталды.
2024 жылы Алматы облысында 20 мыңға жуық халықты спортпен қамту және жастарды саламатты өмір салтына 
тарту мақсатында,облысымызда «Алатау Лигасы-2024» құрылды (3 кезеңдік: аудандық, аймақтық, финалдық).
Қазіргі таңда 19-20 қазан күндері Қонаев қаласында Лиганың соңғы финалдық кезеңі аяқталды.
«Алатау-2024» Лигасының қорытындысы бойынша: футболдан 1 орын- Іле ауданы,
волейболдан 1 орын - Кеген ауданы, баскетболдан 1 орын - Қонаев қаласы.