Халықаралық «Қарттар күні» мерекесіне орай ардагер спортшылар арасында спорттық іс-шара өткізілді

Халықаралық «Қарттар күні» мерекесіне орай ардагер спортшылар арасында спорттық іс-шара өткізілді

        2024 жылғы 03-05 қазан күндері аралығында Қарасай ауданы, «Нұр-Аман» спорт кешенінде Алматы облысының «Спорт ардагерлері» ұйымы тарапынан Халықаралық «Қарттар күні» мерекесіне орай, ардагер спортшылар арасында спорттық іс-шара өткізілді. Арнайы іс-шараға 45-50 жастан асқан салауатты өмір салтын ұстанатын ардагер спортшылар қатысып, өз шеберліктерін футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және ұлттық  тоғызқұмалақ ойындары бойынша көрсетті. Бұл іс-шара спорт арқылы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.