
Алматы облысында 20-30 қыркүйек күндері аралығында Іле ауданы, Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өткізілді. Халықаралық деңгейдегі іс-шараға Азия құрлығының 15 елінен 200 астам спортшылар қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама команда сапында облысымыздың 3 спортшысы (Эщенко Эдуард, Орынбай Асем, Нурланова Анита) 3 алтын медальға ие болды.