Алматы облысында 21 қыркүйек күні А. Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы бастау алды.

Алматы облысында 21 қыркүйек күні А. Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы бастау алды.

Алматы облысында 21 қыркүйек күні А.Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы бастау алды. Аталған Халықаралық деңгейдегі іс-шараға 21-30 қыркүйек аралығында Азия құрлығының 15 елінен 200 астам спортшылар қатысуда. 

Бұл қатарда Қазақстанмен қатар Бахрейн, Үндістан, Иордания, Иран, Қатар, Қытай, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Жапония спортшылары бар.

Жарыстың салтанатты ашылуында Қазақстан ату федерациясының президенті Асылов Берік Ноғайұлы, Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы және басқа да қонақтарымыз қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған дүбірлі додаға қатысып жатқан спортшыларымыз табысты өнер көрсетеді деп сенеміз!