
2024 жылы 20 000-ға жуық халықты спортпен қамту, NEET санатындағы жастарды саламатты өмір салтына тарту мақсатында, облысымызда спорттың футбол, баскетбол, волейбол түрлерінен «Алатау Лигасы» құрылды (3 кезеңдік: аудандық, аймақтық, финалдық). Нәтижесінде, облысымызда қарапайым тұрғындарды қамтитын әрбір ауылдық округтен жалпы 150 спорт клубтары ашылды.
Қазіргі таңда "Алатау Лигасының" екінші аймақтық кезеңі аяқталып, командалар финалдық кезеңге дайындалуда. Лиганың финалдық кезеңі ағымдағы жылдың қазан айында Қонаев қаласында бастау алады деп жоспарлануда.