
Ағымдағы жылдың 25 шілде күні Қонаев қаласында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді. Алқа мәжілісінде ағымдағы жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы II жартыжылдыққа арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесе бағынысты спорт мекемелерінің директорларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланып, түсіндірілді. Алқа мәжілісіне аудандық, қалалық спорт бөлім басшылары, басқармаға қарасты спорт мекемелерінің және аудандық, қалалық бұқаралық іс-шараларды өткізу орталықтарының директорлары шақырылып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндамалары тыңдалды.