2024 жылдың II тоқсанына жоспарланған Алматы облысының спорт мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинар өткізілді.

2024 жылдың II тоқсанына жоспарланған Алматы облысының спорт мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинар өткізілді.

        Спорт саласында жоғарғы жетістіктерге жету үшін, мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру аса маңызды. Осыған байланысты, 2024 жылдың II тоқсанына жоспарланған,  Алматы облысының спорт мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында, басқарма тарапынан «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығынан» арнайы мамандар шақырылып, облысымыздың спорт мамандарына, нұсқаушыларына, жаттықтырушыларына және медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Аталған семинарға 150-ге жуық спорт мамандары қатысып, біліктілікті арттыру туралы куәліктер табысталды.