Осы арқылы, 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР заңының 44-бабына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі-бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасауға бағытталған «Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы бұқаралық балалар спортын дамыту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы туралы хабарланады.
Жобаның мақсаты Алматы облысының Іле ауданында спорттың ойын және байланыс түрлері (баскетбол, стритбол, гандбол, үстел теннисі, стендтік ату, оқпен ату, жүзу, велосипед спорты, семсерлесу және садақ ату) бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы балалар арасындағы бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады.
Спорттың ойын және байланыс түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін ұйымдастыру келесі спорт түрлері бойынша жеке жаттығулар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу мүмкіндігі көзделген:
Спортшыларға, тұрғындарға спорттық қызмет көрсету, Алматы облысының Іле ауданында спорттың ойын және байланыс түрлерін дамытуға ықпал ету. Халықты спортпен айналысу және сауықтыру жағдайларымен қамтамасыз ету, бұқаралық спортты дамыту.
Спорттық ғимараттарға қойылатын ең төменгі талаптар:
1-Объект (Атыс клубы):
2-Объект (Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 25 метрлік бассейнімен)
Жобаланған Дене шынықтыру-сауықтыру кешен ғимараты үш қабатты, жертөлесі бар, осьтері бойынша өлшемдері 30х59 м күрделі пішінді және екі блоктан тұратын ғимарат болуы қажет:
1) 1-Блок спорт залдары бар және бірінші қабатта орналасқан: негізгі кіреберіс, гардероб, йога бөлмесі, дәретханалар, қозғалысы шектеулі адамдарға арналған дәретханалар, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық пункт, техникалық бөлмелер, екінші қабатта: жаттығу залы, жаттықтырушы кабинеті, демалыс бөлмесі, дәретханалар, техникалық үй-жайлар, жертөледе жаттықтыру залы, ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыратын бөлмелер, дәретханалар, мүкәммалдар бөлмесі жобалануы қажет.
2) 2-Блок 25 метрлік бассейні бар, стендтік ату көрермендеріне іргелес ашық мінбері бар.
Спорттық кешендер Республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізуге арналған талаптарға толық сәйкес болуы тиіс.
Жобаның қуаты - өткізу қабілеті аптасына 808 баладан кем емес.
Бюджеттен сұратылатын төлемдер: 2-ші объекттің құрылысын қоса қаржыландыру, инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ), операциялық (пайдалану) шығындардың өтемақысы (ОШӨ).
МЖӘ жобасының жалпы алдын ала мерзімі – 12 (он екі) жыл:
Жобаны іске асыру мерзімі: 2023 - 2034 жылдар, оның ішінде 2 кезең:
1-кезең:
2-кезең:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес МЖӘ жобасы техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатпайды.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер Алматы облысының Іле ауданында спорттың ойын және байланыс түрлері (баскетбол, стритбол, гандбол, үстел теннисі, стендтік ату, оқпен ату, жүзу, велосипед спорты, семсерлесу және садақ ату) бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныстарды ұсына алады.
Өзге әлеуетті жекеше әріптестер ұсынатын баламалы ұсыныстар өзінің техникалық сипаттамалары мен өзге параметрлері бойынша осы хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары болуы тиіс.
Әлеуетті жекеше әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына және 44-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.
Балама ұсыныста мыналар болуы керек:
Анықтама үшін: «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, мекен-жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 19-мөлтек аудан, №3, телефон: 8 (72772) 267 17, эл. пошта: almoblsport@almobl.gov.kz