Алматы облысы спортшыларының 2021 жылғы 20-27 мамыр күндері аралығында республикалық және халықаралық
жарыстарға қатысуы туралы
АҚПАРАТ
І. 2021 жылғы 21-27 мамыр аралығында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 50 мемлекеттен 250 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасы жастар құрамасынан барлығы 7 спортшы, оның ішінде Алматы облысынан 5 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Абылай Әуелханов алтын, Дроздов Алексей мен Ақмолда Сайрамкез күміс және Ыбрай Гүлнұр қола медальді иеленді.
ІІ. 2021 жылғы 20-23 мамыр күндері Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 14 командада 500 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасындағы жарыста 1 алтын, 3 қола медаль және жасөспірімдер арасындағы жарыста 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдарды иеленді.
ІІІ. 2021 жылғы 17-23 мамыр күндері Атырау қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының 5-Жастар спорттық ойыны өтті.
Аталған жарысқа 16 командада 300 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 күміс, 3 қола медальдарды және командалық есепте 9 орынды иеленді.
ІV. 2021 жылғы 21-23 мамыр күндері Талғар қаласында велосипед спортының ВМХ түрінен барлық жас ерекшелігі арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-туры өтті.
Аталған жарысқа Алматы облысы және Алматы қаласынан 65 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдарды иеленді.
Аталған матч Жетісу мен Қайсар командалары арасында өтті. Ойын қорытындысы бойынша Жетісу командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
VІ. 2021 жылғы 21-23 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында комбат джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 12 командадан 220 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 6 алтын 7 күміс, 5 қола медаль иеленді.
VІІІ. 2021 жылғы 21-22 мамыр күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында KWU каратэден Біріккен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 16 командадан 300 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль еншіледі.
ІХ. 2021 жылғы 12-16 мамыр күндері аралығында Тбилиси қаласында (Грузия) пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогы өтті.
Аталған жарысқа 26 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарды иеленді.