Алматы облысы спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы туралы АҚПАРАТ

Алматы облысы спортшыларының республикалық және халықаралық  жарыстарға қатысуы туралы  АҚПАРАТ

Алматы облысы спортшыларының республикалық және халықаралық

жарыстарға қатысуы туралы

АҚПАРАТ

 

 

І. 2021 жылғы 27-30 мамыр аралығында Алматы қаласында                      грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Д.Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа 36 командада 360 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 2 күміс (48 келіде Дәулет Көбентаев және 65 келіде Жақсылық Мардан) медальдарды иеленді.

ІІ. 2021 жылғы 27-30 мамыр күндері Талдықорған қаласында                         ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тас жолдағы велосипед спортынан барлық жас арасында «Жетісу шұғыласы» республикалық жарысы өтті.

Аталған жарысқа 10 командада 130 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 7 алтын, 9 күміс, 9 қола медальдарды иеленді.

ІІІ. 2021 жылғы 28-30 мамыр күндері Ташкент қаласында жеңіл атлетикалық ядро итеруден ерлер арасында Өзбекстан мемлекетінің ашық чемпионаты өтті  өтті.

Аталған жарысқа 10 мемлекеттен 200 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшысы Иван Иванов алтын медальды иеленді.

ІV. 2021 жылғы 28-30 мамыр күндері Стамбул қаласында еркін күрестен жастар арасында халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа 12 мемлекеттен 170 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшысы 79 келі салмақта Рүстем Мырзағалиев күміс медаль иеленді.

  1. 2021 жылғы 25-30 мамыр күндері Алматы қаласында бокстан ерлер арасында С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа 17 командада 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.

VІ. 2021 жылғы 28 мамыр күні Түркістан қаласында футболдан Премьер лигадағы командалар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының 14 тур ойындары өтті.

Аталған матч Жетісу мен Тұран командалары арасында өтті. Ойын қорытындысы бойынша Жетісу командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

VІІ. 2021 жылғы 25-28 мамыр күндері Тараз қаласында                         қазақ күресінен ерлер арасында ҚР кубогы өтті.

Аталған жарысқа 17 командада 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 2 қола медальдарды иеленді.

VІІІ. 2021 жылғы 23-27 мамыр күндері Қызылорда қаласында                         қол добынан әйелдер арасында ҚР чемпионатының ІІ-тур ойындары өтті.

Аталған жарыстың ІІ-тур  қорытындысы бойынша облыс командасы                   3 орында.