«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) жөніндегі ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) жөніндегі ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту (жою) жөніндегі ішкі талдау нәтижелері туралы анықтама

 

 

 

Талдықорған қаласы                                                                                         29 сәуір 2021 жыл  

 

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 53 бұйрығы негізінде 2021 жылдың 4 айы бойынша Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және барынша азайту тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.   

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.  

 

 

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Басқарманың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, атап айтқанда ҚР Конституциясының, ҚР Азаматтық кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның, Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10095 болып тіркелген) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында әртүрлі түсіндірмелердің мәтіндері бар.

Мысалы, 26-тармақта комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы органның бұйрығы шығарылады деп жазылған. АЛ 32 және 34-тармақтарда жергілікті атқарушы орган қаулы түрінде шешім қабылдайды, бұл құзыретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде туындайтын заңдық қайшылықтарды тудырады делінген.

Алайда, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР салалық Заңымен облыс әкімдігі мен басқармасының құзыреті нақтыланбаған. Мысалы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның (Басқарманың) құзыреті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) құзыретінен бөлінбейді, бұл құзыретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде туындайтын заңдық қайшылықтарды тудырады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10095 болып тіркелген) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында әртүрлі түсіндірмелердің мәтіндері бар.

Мысалы, 26-тармақта комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы органның бұйрығы шығарылады деп жазылған. Ал 32 және 34-тармақтарда жергілікті атқарушы орган қаулы түрінде шешім қабылдайды, бұл құзыретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде туындайтын заңдық қайшылықтарды тудырады делінген.

Сондай-ақ, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 48-бабында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкімшілігінің шешімдерімен белгілейтіні айтылған.

Заңның осы нормасы нормативтік құқықтық актіні қабылдау кезінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына жауап бермейді. Яғни, әртүрлі деңгейдегі қайталанатын нормативтік құқықтық актілерге әкеледі.

Сонымен қатар, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының әкімшіліктері нормативтік сипаттағы құқықтық актілерді қабылдауына құзыреті жетпейді. Ішкі актіні қабылдап оны мемлекеттік тіркеуге ұсынылмаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Ұсыныс:

құқықтық олқылықтарын, қайталануын, тиімсіз іске асырылған және сыбайлас жемқорлық сипатындағы нормаларын жою мақсатында уәкілетті органға «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар беру қажет.

 

 

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Басқарма басшысының 2021 жылғы 5 қаңтарда бекіткен штат кестесіне сәйкес штат саны 15 бірлікті құрайды, қазіргі уақытта іс жүзінде 14 қызметкер жұмыс істейді. 

2021 жылдың 4 айында конкурс комиссиясының шешімі бойынша басқарма штатына 2 адам қабылданды.

Бекітілген кестеге сәйкес, 2021 жылдың 4 айында басқарманың 2 қызметкері біліктілікті арттыру семинарларында оқуға жатады, оның ішінде 1 қызметкер біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті.

2021 жылдың соңына дейін басқарманың 1 қызметкерін оқытуға жіберу жоспарланып отыр.   

2021 жылдың 4 айында ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған басқарманың 1 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Ұсыныс:

қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін перспективалық жұмыста бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өзінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау.

 

 

Члены группы:

 

Басқарма басшысының орынбасары

 

басқарманың жоспарлау-қаржы және әкімшілік бөлімінің басшысы

 

ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін және спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы

 

 

басқармасының жоспарлау - қаржы және әкімшілік бөлімінің бас маманы

 

 

басқарманың олимпиадалық спорт түрлері, спорт резерві және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы

 

 

басқарманың олимпиадалық спорт түрлері, спорт резерві және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы

 

Алматы облысындағы «ММА аралас жекпе-жек федерациясы» ҚБ президенті

 

Таныстым:

 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Алматы облысы

 

 

 

 

А.Үшкемпіров

 

 

 

А. Толепбекова

 

 

Р.Шахарбек

 

 

 

Г.Джумабаева

 

 

 

К.Симбаева

 

 

 

 

 

Ж.Ахаев

 

 

Н. Аманкулов

 

 

 

 

 

Н.Теңізбаев