«ЖЕТІСУ БӨРІСІ»

«ЖЕТІСУ БӨРІСІ»

2021 жылғы 28-29 сәуір аралығында Қарасай ауданы Шамалған ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне «ЖЕТІСУ БӨРІСІ» Алматы облыстық іріктеу жарысы өтті.

Аталған жарысқа облысымыздың әр аудан және қаласынан бір спортшыдан қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын және «ЖЕТІСУ БӨРІСІ - 2021» атағын Балқаш ауданының спортшысы Әбдіразақов Руслан жеңіп алды.                    2-орынды Талдықорған қаласының спортшысы Касачев Александр, 3-орынды Іле ауданының спортшысы Рысқұл Ұлан иеленді.