Футзалдан ел намысын қорғап жүрген алматылық «Қайрат» командасы төрткүл әлем көз тіккен чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды.
Хорватияда өтіп жатқан ала доп аламанының ширек финалында «Қайрат» португалиялық «Бенфиканы» жеңді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, овертаймда жерлестеріміз жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп 6:2.
Голдар: Гадея 16, Эдсон 31, Тұрсағұлов 45, Гадея 47, Фернандиньо 49, Оразов 50 – Жезуш 16, Бриту 35.
Өз тілшіміз