Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағы 20-4) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулымен бекітілген қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редацияда баяндалсын.
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.