Аталған жарысқа республиканың 17 облысы мен қаласынан 250 спортшы қатысуда. Облыс спортшылары еркін күрес қорытындысы бойынша 1 алтын, 2 күміс, 2 қола, әйелдер күресінен 2 алтын 2 қола, грек-рим күресінен 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.
ІІ. 2020 жылғы 21-28 қараша күндері Талдықорған, Текелі және Үштөбе қалаларында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында онлайн форматта Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа республиканың 17 облысы мен қаласынан 280 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 9 алтын, 4 күміс, 3 қола медальдарды иеленді.
ІІІ. 2020 жылдың 20-25 қараша күндері аралығында Жамбыл облысының Шу қаласында бокстан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа республиканың 17 облысы мен қаласынан 190 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 54 келі салмақта Мэлс Алдияр күміс медальды және 50 келі салмақта Асқар Бекбол қола медальдарды иеленді.
ІV. 2020 жылдың 23-28 қараша күндері аралығында Ақтөбе қаласында жүзуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа республиканың 15 облысы мен қаласынан 140 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында 4 қашықтық бойынша Федотова Мария 1 күміс, 3 қола медальды иеленді.
Ойын барысында Алматы облысының «Жетісу» командасы Маңғыстау облысының «Каспий» командасымен кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. «Жетісу» футбол командасы чемпионатты 6-орынмен аяқтады.
VІ. 2020 жылдың 23-27 қараша күндері аралығында Алматы қаласында мүгедек спортшылар арасында пара нысана көздеу спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты және кубогы өтті.
Аталған жарысқа республиканың 9 облысы мен қаласынан 35 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Богданова Галина қола медальды иеленді.
VІІ.2020 жылдың 23-29 қараша күндері аралығында Шымкент қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа республиканың 17 облысы мен қаласынан 180 спортшы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 алтын (Ертуған Зейнулинов), 1 күміс (Әбдіқадыр Дамир), 1 қола (Мұздиман Балауса) медальдарды иеленді.
VІІІ.2020 жылдың 26-30 қараша күндері аралығында Щучинск қаласында шыңғы жарысынан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 1-туры өтті.
Аталған жарысқа республиканың 8 облысы мен қаласынан 100 спортшы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 алтын (Әсет Дюсенов), 1 күміс (Айша Ракишева) медальдарды иеленді.
ІХ. 2020 жылдың 20-29 қараша күндері аралығында Талдықорған қаласында волейболдан Жоғарғы Лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының 29-чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 8 командадан 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың 1-тур қорытындысы бойынша «Жетісу» волейбол командасы 1 орында.
Х. 2020 жылдың 20-27 қараша күндері аралығында Орал қаласында волейболдан Жоғарғы Лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының 29-чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 8 командадан 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың 1-тур қорытындысы бойынша «Жетісу» волейбол командасы 2 орында.
ХІ. 2020 жылғы 27-29 қараша күндері Қостанай қаласында жекпе-жек ұлттық спортынан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа республиканың 16 облысы мен қаласынан 250 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдарды иеленді.
ХІІ. 2020 жылғы 26-29 қараша күндері Шымкент қаласында ушу-саньда спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа республиканың 14 облысы мен қаласынан 380 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 8 алтын, 6 күміс, 6 қола медальдарды иеленді.