Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ауыл азаматтарының қолдауымен салынған "Спорт кешеннің " салтанатты ашылуы болды

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ауыл азаматтарының қолдауымен салынған "Спорт кешеннің " салтанатты ашылуы болды

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында ауыл азаматтарының қолдауымен салынған "Спорт кешеннің " салтанатты ашылуы болды. Ел бірлігімен бой көтерген заманауи спорт кешеннің ашылуын, Райымбек ауданы әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы халыққа жылы лебізін білдіріп, ауыл азаматтарына үлкен алғысын айтып ашық деп жариялады. Райымбек ауданында спорт саласына үлкен көңіл бөлініп отырғанын, алда да үлкен жобалардың бар екенін ескертті. Спорт кешеннің құрылысына ат салысқан азаматтарды "Алғыс хаттармен" марапаттады. Алыс жақыннан келген құрметті қонақтар кезегімен сөз алып ыстық ықыластарымен бөлісті. Ауыл жастарына үнемі ақылын айтып, осы істің ауыз бірлікпен басталып, абыройлы аяқталуына ақ батасын беріп, қамқоршы болған Алматы облысының "Құрметті азаматы" Естенов Тоққожа Естенұлы әсерлі ойларымен бөлісті. Болашақта да келешек ұрпаққа үлгі болатындай істерді істеуді, ауданның гүлденіп өркендеп өсуі үшін, әр азамат өз үлесін қосу керектігін айтып, ақ батасын берді. Сөз кезегін алған Аудандық маслихат хатшысы Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы, "Қамқор-2" кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбеков Ұлықпан салтанаты жиынға жиналған қадірлі қонақтармен ауыл тұрғындарын құттықтады. Әр ауылдан осындай спорт кешендері салынса нұр үстіне нұр болатынын айтты. Бірлігі жарасқан елдің ертеңі жарқын болатынын жеткізді. Райымбек ауданының "дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің басшысы Ақылов Талғат Жұмақанұлы жаңадан бой көтерген спорт кешеннің ашылуымен құттықтап, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының ыстық сәлемін халыққа жеткізіп, Қарасаз ауылы тұрғындарына, ауыл азаматтарына үлкен ризашылығын білдірді. Құрылысқа ат салысқан белсенді жастарды арнайы "Алғыс хаттармен " марапаттады. Аудан әкімдігі атынан шағын футболға арналған арнайы спорттық киімдермен, футбол, баскетбол доптарын сыйға тартты.@tenizbayev.nurbakhyt@zhetysupress