Жоспарланған тақырыптар 2021 МӘТ
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығына сәйкес Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы өзінің интернет-ресурсында үкіметтік емес ұйымдармен жария талқылау үшін 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты жариялайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін интернет-ресурсқа келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты
қалыптастыру, іске асыру мониторингі
және осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша
2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Алматы облысының споршыларының тұлға болып қалыптасуына,көшбасшылық дағдыларын арттыру, жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында облыс деңгейінде көшпелі семинарлар ұйымдастыру және спортшыларды қажетті спорттық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету. |
14000 |
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы |
Жастар, спортшылар |
халықтың спортқа, салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру |
|
2 |
Алматы облысында бұқаралық спортты дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып өткізу |
10000 |
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы |
Жастар, спортшылар |
Бұқаралық спортты дамыту |
|
3 |
Алматы облысының балаларын спортқа баулу, салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырып өткізу |
10000 |
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы |
Жастар, спортшылар, балалар |
қоғамның спортқа деген қызығушылығын арттыру |