Алматы облысы бойынша 2020 жылғы  9 айлық  қортындысы бойынша   дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық жұмыстар бойынша Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының акпаратты

Алматы облысы бойынша 2020 жылғы  9 айлық  қортындысы бойынша  

дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық жұмыстар бойынша Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының акпаратты

 

Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін               3592 бірлік спорттық құрылымдар бар, олар: 25 стадион, 2 спорт сарайы, 11 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 31 спорт кешені (оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені),  2 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб,  1 конькимен жүгіру стадионы, 19 хоккей корты, 2105 жазықтық құрылым, 26 теннис корты, 7 ипподром, 50 бассейн, 879 спорт зал, 178 жалғасып салынған спорт залдар.

Алматы облысы бойынша дене шынықтыру – сауықтыру кешендерін (бұдан әрі – ДШСК) салуды барынша қажетсінетін елді мекендердің 2019-2021 жылдарға жоспарланған республика бойынша салынатын ДШСК тізбесіне Алматы облысының 8 ДШСК (Алакөл ауданы Достық кенті, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы, Балхаш ауданы Бақанас ауылы, Көксу ауданы Балпық би ауылы,  Іле ауданы Байсерке ауылы және Қапшағай қаласы) кірді.

Алматы облысында  қазіргі таңда 9 ДШСК (Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Кеген ауданы Кеген ауылы, Талғар ауданы Талғар қаласында және Алакөл ауданы Үшарал қаласында және Карасай ауданы Шамалған және Райымбек  ауылдарында  – мемлекеттік жекешелік әріптестігі (бұдан әрі-МЖӘ) желісі бойынша) пайдалануға берілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2018 жылдан бастап Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында және 2019 жылдан Райымбек ауданы Нарынқол ауылында ДШСК құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында 5 ДШСК-нің (Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы, Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы, Көксу ауданы Балпық би ауылындағы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы, Алакөл ауданы Достық кентінде) құрлыс монтажтық жұмыстары жүргізілу үстінде.

2019 жылдың сәуір айынан бастап, Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейннің құрылысы жүріп жатыр. Аталған құрылыс ү.ж. жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2019-2020 жж. бойынша жобалық сметалық құжаттарын әзәрлеуге  10 спорттық нысанның тізімі кіріп отыр, оның: 4 ДШСК (Қаратал, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары  мен  Текелі қаласы) және  6 спорт кешені (Райымбек 2, Панфилов 2, Уйғыр және Алакөл аудандары).

Ү.ж. жобалық сметалық құжаттарынның конкурсын жариялауға                             2 спорттық кешеннің құрылысы кіріп отыр, олар: Талдықорған қаласында салынатын көгалдағы хоккей универсалды жабық спорттық залы мен көркем гимнастика және скаладромға (биікке өрмелеу) арналған спорт кешені.

Сондай –ақ, 2021 жылы Қапшағай қаласында мемлекеттік жекешелік әріптестік желісі бойынша ДШСК-нің құрылысы жоспарлануда.

41 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 70 спорт түрімен                                    38 852 спортшы шұғылданады.

2020 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша облыста спортпен жүйелі түрде 628063 адам шұғылданады,  бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 30,5 пайызын қамтиды.

Бүгінгі таңда облыста үш кәсіби клуб жұмыс істейді: «Олимп» регби клубы, «Жастар» спорттың ойын түрлері клубы және «Жетісу» футбол клубы және Талғар қаласында ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығы жұмыс жасайды.

Алматы облысында спорт резервін дайындаумен 41 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (оның ішінде: 26 БЖСМ, 5 ОРМБЖМ және 10 мамандандырылған мектептер) айналысады. Сондай-ақ, Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты колледжі, олимпиадалық резерв дайындау орталығы және облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы» ашылды.

41  спорт мектебінде шұғылданушылар саны 38463 адамды құрайды. Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың контингенті - 145, Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты колледжінің контингенті - 475, олимпиадалық резервті даярлау орталығының контингенті - 150 және облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде – 443, ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығында - 39 контингенті құрайды.

2020 жылдың басынан  17 халықаралық дәрежедегі спорт шебері,   114 спорт шебері,328 спорт шеберлігіне үміткер және 145 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды.

Спортшылардың оқу-жаттығулары бекітілген келісім-шартпен тегін түрде облысымыздың барлық аудан, қалаларының спорт сарайларында, спорт кешендерінде, спорттық-сауықтыру кешендерінде, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, жалпы білім беретін мектептердің спорттық залдарында, стадиондарда және тағы басқа базаларда өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек адамдарға облыстағы спорт құрылымдарына кедергісіз кіріп-шығуларына және спортпен шұғылдануларына жағдайлар жасалған және тегін түрде қызмет көрсетіледі.

Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2020 жылдың басынан 476 республикалық және облыстық іс-шаралар өткізілді (ауылдық жерлерде 360), оған 42 783 адам (ауылдық жерлерде 32 147 адам) қатысты.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес облыс аумағында спорт түрлерінен спартакиадалар, турнирлер және біріншіліктер өткізіледі.

2020 жылдың жарты жылдығында жыл басынан халықаралық және республикалық жарыстарда облыс спортшылары 548 медаль (177 алтын, 173 күміс және 198 қола) жеңіп алды.

Қазіргі таңда Алматы облысының споршылары Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан, жеңіл атлетика, велосипед спорты және грек–рим күресінен 9 жолдама ұтып алды.

2019 жылы облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелер көрсетті: Қазақстан Республикасының V-ші спартакиадасында Алматы облысының құрама командасы жалпы командалық 3 орынға ие болып, 60 алтын, 44 күміс және 61 қола медальға ие болды.

Сонымен қатар ҚР цифрландыру бағдарламасының аясында Jetisy Sport мобильдік қосымшасы іске қосылды. Аталған қосымшаны кезкелген смортфон қолдаушы Play Market немесе App Stor желілерінен жүктеп алуына болады.

Алдағы уақытта да басқармамен дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және жоғары жетістіктерге жету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

 

 

Басқарма басшысының м. а                                                         А.Үшкемпіров                                                                    

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша 2020 жылғы  9 айлық  қортындысы бойынша   дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық жұмыстар бойынша Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының акпаратты
Дата публикации
29 октября 2020