Бюджет
2024 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 16 250 млн. теңге бөлінді.
Халықаралық ареналарда Ел намысын қорғайтын үздік спортшыларды ынталандыру мақсатында, қазіргі таңда 242 облыс спортшыларына 51 000 мың теңгеден - 500 000 мың теңгеге дейінгі Алматы облысы әкімдігінің стипендиясы төленуде. 2023 жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылы 100 % - ға өсті.
Одан бөлек, ағымдағы жылы облысымызда кәсіби спортшылардың дайындығын арттыру, жастарды спортқа баулу мақсатында футболдан «Іле-Алатау», баскетболдан «Ирбис-Алатау» спорт клубтары құрылды. Аталған спорт клубтарына облыс тарапынан 100 млн. теңге қаражат бөлінді.
Нәтижесінде «Ирбис-Алатау» спорт клубы баскетболдан ерлер арасындағы 32-ші Қазақстан Республикасы чемпионатының «ұлттық лига» ойындарының жеңімпазы атанды.
2024 жылы жаңадан құрылған 3 спорт мекемелеріне (Еңбекшіқазақ ауданы БЖСМ №3, Жамбыл ауданы БЖСМ №2, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері) жалпы саны 152 штат бөлініп, нәтижесінде спорт мекемелерінің штат бірліктерінің саны 2161 жетті.
Жоғары жетістікке жету үшін, мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру маңызды болғандықтан, 2024 жылы басқарма қызметкерлерінің тарапынан бағынысты спорт мекемелеріне арнайы 11 оқыту-семинарлары өткізілді. («е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс және ӘРПК нормалары, «Спорт төрешілерінің біліктілік санатын арттыру», «Бухгалтерлік есепті жүргізу», «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жіберілетін қателіктерді жою», «Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықты алдын алу» және т.б.)
Жоғары жетістіктер спорты
2024 жылы спорт саласында 3 ауқымды іс-шара өтті.
Облыс спортшылары V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Бәйге» ат спортынан 2 алтын медаль, VIII халықаралық «Азия Балалары» спорт ойындарында 2 күміс және 2 қола медаль, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Демеу Жадраев 77 келі салмақта 1 күміс медаль иегері атанды.
19 желтоқсан күні спорт саласы бойынша жыл қорытындысы «Хан тәңірі» спортшылар сыйлығы табысталды. Қорытынды жиында жыл басынан бері үздік көрсеткішке қол жеткізген 145 спортшы, 68 жаттықтырушы және 36 спорт мамандары арнайы алғыс хаттарымен, төсбелгілерімен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
Облыстағы спорт ұйымдарында 67 спорт түрінен 23 986 бала (13597 ауылдық жерде) тегін түрде спортпен шұғылдануда. 2023 жылмен салыстырғанда 27 балаға өсті.
Облыс спортшылары Республикалық және Халықаралық жарыстарда жалпы саны 2300 медаль иеленді (829 - алтын, 660 - күміс, 811- қола).
Оның ішінде Әлем кубоктары мен чемпионатарынан 167 медаль, Азия кубоктары мен чемпионаттарынан 136 медаль еншіледі.
Сонымен қатар, 334 спортшыға - «I спорттық разряд», 46 спортшыға «ҚР спорт шебері», 1242 спортшыға «ҚР спорт шеберлігіне үміткер», 5 спортшыға - «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары берілді.
Бұқаралық спорт
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2024 жылы облыста 4557 спорттық іс-шара өткізілді.
(2 Азия чемпионаты, 35 республикалық турнир,160 облыстық чемпионат, 5 халықаралық турнирлер, 42 облыстық турнир, 25 Қазақстан Республикасының чемпионаты және 3688 аудандық жарыстар)
Атап айтқанда:
- «Қымызмұрындық – 2024» фестивалі аясында «Жолан жүйрігі - 2024» ат бәйгесі;
- Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығын атап өту аясында ат бәйгесі;
- Ашық суда жүзуден «Oceanman» халықаралық турнирі;
- Қазақ күресінен «Алатау арланы - 2024»;
- «Толағай – Алыптар сайысы» ұлттық ойындары;
- Стенд атудан Азия Кубогі;
- Құсбегіліктен Бүркітші Сәрсенбек Дәулетбақовты еске алуға арналған «Салбурын» халықаралық турнирі;
- Ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Сонар-2024» Республикалық турнирі;
- «Қонаев CUP» Халықаралық шахмат турнирі.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында спорт түрлерінен спартакиада, жазғы және күзгі жүгіру марафондары өткізілді.
Нәтижесінде облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны ұдайы өсуде, бұл облыс тұрғындарының 41,4 %, яғни 642 276 адамды құрайды. 2023 жылмен салыстырғанда 40083 адамға артып отыр.
Сондай-ақ, облысымызда 20 000-ға жуық халықты спортпен қамту, NEET санатындағы жастарды саламатты өмір салтына тарту мақсатында, облысымызда «Алатау Лигасы» құрылды 3 кезеңдік: аудандық, аймақтық, финалдық). Нәтижесінде, облысымызда қарапайым тұрғындарды қамтитын әрбір ауылдық округтен жалпы 150 спорт клубтары ашылды.
Ұлттық спорт түрлері бойынша 776 секция жұмыс істейді, 42,8 мың адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады, бұл спортпен айналысатын облыс халқының 7,1 % құрайды.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар спорты
Алматы облысында 77 спорт секциясында жалпы саны 6281 дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар спортпен шұғылданады. Бұл облыстағы жалпы дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың 14% құрайды.
Облыс бойынша дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар ҚР чемпионаттарынан - 284 (111-алтын, 83-күміс, 90 қола) Азия чемпионаттарынан - 40 (16-алтын, 21-күміс, 3-қола) Әлем чемпионаттарынан - 19 (3-алтын, 8-күміс, 8-қола) Әлем кубогінен - 4 (3-алтын, 1-күміс) медальдарға ие болды.
Арт спорт
2024 жылы жан басына шаққандағы спорттық тапсырысты қаржыландыруға бюджеттен 2 млрд. 350 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда жалпы ваучер саны 38131 құрайды, балалардың спорттық секцияға баруына 17225 ваучер (нұсқама) берілді (ваучер ата-аналардың секцияны таңдауына қарай Портал арқылы автоматты түрде беріледі), оның ішінде бүгінгі күнде 15256 бала спорттық секцияларда дайындалуда.
Спорт инфрақұрылымын дамыту
Алматы облысында «халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 50,14%-ды құрады. Облыстағы спорт нысандарының жалпы саны 1891 бірлікті құрады (оның ішінде ауылдық жерде 1586). 2023 жылмен салыстырағанда 70 бірлікке артып отыр.
2024 жылы облыста 3 спорт кешені (Жамбыл ауданы Қаракестек ауылында - 50 орынды, Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында-50 орынды, Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында-70 орынды,) және 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы-180 орынды) қолданысқа берілді. Аталған спорт нысандарында бокс, еркін күрес, қазақша күрес, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол және футбол сияқты спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған.
Облыста жалпы 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілген (Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы, Шелек ауылы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Талғар ауданы Талғар қаласы, Кеген ауданы Кеген ауылы, Балқаш ауданының Бақанас ауылы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылы, Қарасай ауданы Шамалған мен Райымбек ауылдарында).
Сондай-ақ, қазіргі таңда 15 спорттық нысанның жобалық-сметалық құжатты дайын (2 нысан Қонаев қаласындағы «Көп функционалды спорт кешені» (жер мәселесі қарастырылуда), Шеңгелді ауылы, 1 нысан Алатау қаласы (Заречный а.), 1 нысан Жамбыл ауданы Тарғап ауылы, 1 нысан Балқаш ауданы Бақбақты ауылы, 3 нысан Қарасай ауданы Шамалған ауылы (спорт мектеп-интернат), Көкөзек және Жібек жолы ауылдары (стадион), 3 нысан Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би, Қазақстан, Тескенсу ауылдары, 1 нысан Іле ауданы М. Түймебаев ауылы, 2 нысан Райымбек ауданы Текес, Қайнар ауылдары, 1 нысан Кеген ауданы Жалағаш ауылы).
1 спорт нысанның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді (1 нысан Іле ауданы Ақщи ауылы) және 4 спорт нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде (1 нысан Іле ауданы Байсерке; 1 нысан Алатау қаласы (Жетіген а.); 1 нысан Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылы; 1 нысан Талғар ауданы Белбұлақ ауылы).