285 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің азаматтық бюджеті 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында

2025-2027 жылдарға басқарма бойынша – 50 621 млн. теңге қолданды, оның ішінде:

2025 жыл – 15 779 млн. теңге;

2026 жыл – 16 710 млн. теңге;

2027 жыл – 18 132 млн. теңге.

Басқарманың стратегиялық жоаспары бойынша 2025-2027 жылдарға 6 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаралғаны:

- ББ 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 476 млн. теңге. Шығындар басқарма аппаратының штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған (15 штаттық және 4 штаттан тыс бірліктердің еңбек ақысы мен бонус аударымдарымен, кеңсе тауарларын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс және интернет, бух. бағдарламалар қызметтеріне ақы, семинарлар, іссапар шығындары және пәтер төлемдері). (Оның ішінде 2025 – 153 млн. теңге, 2026 – 157 млн. теңге және 2027 – 166 млн. теңге).

- ББ 002 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» - 2 324  млн. теңге. Шығындар облыстық іс-шараларды және әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізуге, жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға ай сайынғы ақшалай және "Алматы облысының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы" КММ-н қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2025 – 738 млн. теңге, 2026 – 746 млн. теңге және 2027 – 840 млн. теңге).

- ББ 003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының  мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» - 14 068 млн. теңге. Шығындар республикалық және халықаралық әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстарын өткізуге және қатысуға, сонымен қатар «Алатау» спорт ойын түрлері клубы» КМҚК, «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КМҚК, «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ, «Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы» КММ, «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» КММ және «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» КММ қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2025 – 4459 млн. теңге, 2026 – 4564 млн. теңге және 2027 –  5045 млн. теңге).

- ББ 006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» - 29 265 млн. теңге. Шығындар 25 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ұстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ, спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыруға жұмсалады, (Оның ішінде 2025 – 9454 млн. теңге, 2026 – 9543 млн. теңге және 2027 – 10268 млн. теңге).

- ББ 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 895 млн. теңге. Шығыстар ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың негізгі құралдарын (көлік құралдарын, спорттық жабдықтарды және басқаларын) сатып алуға бағытталған. (Оның ішінде 2025 – 257 млн. теңге, 2026 – 266 млн. теңге және 2027 – 372 млн. теңге).

- ББ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 3593 млн. теңге. Қаражат мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына арналған: Алматы облысындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы жаппай балалар спорт түрлерін дамыту. (Оның ішінде 2025 – 718 млн. теңге, 2026 – 1434 млн. теңге, 2027 – 1441 млн. теңге).

 

 

 

Жоғарыда аталған ББ-ларды іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануы 45,0 %-ға және аймақтық инфрақұрылыммен 52,5 % қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

Дата публикации
15 мая 2024