Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10012 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене даярлығы клубтары қызметінің қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары;
9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
А. Мұхамедиұлы |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) резервтік құрам – спорт түрлері бойынша бөлімшілердің негізгі топтарының құрамына кірмеген, бірақ осы мектептің жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен шұғылданатын спортшылар;
2) спорттық нормативтері – орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып, спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары;
3) тұрақты құрам – спорт мектебінің контингентіне директордың бұйрығымен қабылданған спортшылар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
3) спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
1) жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
2) қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
3) жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
4) алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
5) спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
6) оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:
1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы.
Ескерту. 3-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.02.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 088/е нысандағы медициналық құжаттама (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасын мүгедектер ұсынады).
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-2. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 9-1 және 10-1-тармақтарының талаптарына сәйкес толықтығын және дұрыстығын, оқуға түсушінің сәйкестігін зерделейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-3. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 9-1, 10-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
Ескерту. 10-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-5. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 10-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
2) тұрғылықты жері бойынша МССК анықтамасы бар болғанда (мүгедектер тапсырады);
3) осы топтарға арналған және спорт мектебінің директоры бекіткен спорттық нормативтерді орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) өз еркімен.
Оқу жылы аяқталған кезде спорт мектептеріндегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.
4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) спорттық-сауықтыру даярлығы кезеңінде (оқудың барлық кезеңі) – сабақтар денсаулығын нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылармен өткізіледі;
2) алғашқы даярлау кезеңі (1-3 жыл) – сабақтар оқу-жаттығу топтарына дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортпен шұғылданғысы келетін балалармен өткізіледі;
3) оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (4-5 жыл) – топтар спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардан жасақталады;
4) спорттық жетілдіру кезеңі (3-4 жыл) – топтар жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен және бақылау нормативтерін орындаған оқушылардан жасақталады;
5) жоғары спорт шеберлігі кезеңі (3 жыл және одан жоғары) – топтар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен оқушылардан жасақталады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) оқу-жаттығу сабақтары (жеке және топтық);
2) көшпелі оқу-жаттығу жиындарындағы және көшпелі емес оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерлеріндегі оқу-жаттығу процесі;
5) медициналық қалпына келтіру іс-шаралары;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік іс-тәжірибелері;
8) спорттық жарыстарды көру және талдау болып табылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жыл бойғы оқу жаттығулары мен оқушылардың демалыс кезінде белсенді тынығуын қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
1) спорттық-сауықтыру топтарында және алғашқы даярлау топтарында - екі-үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
2) оқу-жаттығу топтарында аптасына кемінде төрт рет сабақ өткізу кезінде - үш-төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, аптасына жиырма сағат және одан да көп жүктемесі бар топтарда – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, күніне екі рет жаттығу сабағы болған кезде – үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу процесінде көмек көрсету үшін қосымша жаттықтырушы-оқытушы тартылады. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде аралас спорт түрлерi бойынша, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар, жаттықтырушы-кеме жүргізуші, жаттықтырушы-кеңесші, жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-майлаушы, жаттықтырушы-техник, жаттықтырушы-дәрігер, жаттықтырушы-механик, жаттықтырушы-қару-жарақ жасақтаушы, мал дәрігері, зоотехник, ұста, ат бағушы, әбзелші, жылқышы, жаттықтырушы-массажшы, нұсқаушы-берейтор (бессайыс), хореограф, аккомпониатор, психолог, сервисмен-конькиді қайраушы, сервисмен-шаңғы майлаушы тартылады.
Спорт мектебінің директоры, директордың орынбасары және нұсқаушы-әдіскер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді. Бұл ретте жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс үшін төлем 0,5 ставкадан аспауы тиіс.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Берілген спорт түрлері бойынша оқу сабақтарының сағат есепке алып санын көбейту негізгі жаттықтырушы-оқытушының және ұқсас спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың топтарын бірге бір мезгілде жұмысқа тартқан жағдайда жүзеге асырылады.
5-тарау. Жинақтау тәртібі, топтардың толықтырылуы, оқу-жаттығу жұмысының тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының алғашқы даярлау топтарын жасақтау күнтізбелік жылдың бірінші қазанына дейін жүргізіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес айқындалған.
Жаттықтырушы-оқытушылар бастауыш даярлықтың резервтік тобын жасақтайды, оның саны спорт түрі бойынша алғашқы оқу жылының алғашқы даярлық тобындағы оқушылардың санынан кемінде 50%-ын құрайды. Жаттықтырушы-оқытушылар алғашқы даярлықтың резервтік топтарындағы оқушылардың саны туралы ай сайын есеп жасайды.
Спорттық және би жұптары үшін мәнерлеп сырғанаудан спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқушылардың саны төрт адамды құрайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Спорт мектептерінің спорттық жетілдіру топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортына және жеңіл атлетикадан бірінші спорттық разряд, ал қалған спорт түрлерінде "Спорт шеберіне үміткер" дәрежесін алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің оқу-жаттығу топтарына алғашқы даярлық кезеңінде кемінде бір оқу жылында оқыған оқушылары қабылданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
Республикалық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде жоғары спорт шеберлігі топтарын ашу уәкілетті органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
1) алғашқы даярлау топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығы жалпы дене дайындығы бойынша талаптарды қоса алғанда, оқушылардың спорт мектептері бағдарламаларын игеру деңгейі, оқу-жаттығу топтарына ауыстырылған шұғылданушылардың санын есепке алып;
2) оқу-жаттығу топтарында – топ құрамының тұрақтылығы, жалпы және арнайы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындауын, спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелерін және кемінде екінші жасөспірімдік спорттық разрядының болуын, түлектер арасынан спорт төрешілерін дайындауды есепке алып;
3) спорттық жетілдіру топтарында – шұғылданушылардың бағдарлама, соның ішінде спорттық даярлау талаптарын орындауларын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып;
4) жоғары спорт шеберлігі топтарында – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлердің санын, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып бағаланады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогикалық кеңес тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу, тәрбие, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстар, дәрігерлік бақылау тыңдалады және талқыланады және солар бойынша шешімдер қабылданады.
Жаттықтырушылар кеңестерінде бөлімшелердің аға жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен айына бір реттен кем емес оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, оқушыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қарастырылады, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесі, кейіннен оларды талқылай және жұмыс тәжірибесімен алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелерін жетілдіру жөніндегі хабарламалар мен баяндамалар тыңдалады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-тарау. Медициналық қамтамасыз ету
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Спорт мектебінің әр оқушысына дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектебінің медициналық кабинетінде сақталады.
7-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 7-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 1-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау
топтарына қабылдау үшін балалардың жастары
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
№ |
Спорт түрі |
Жас |
|
1. |
Мәнерлеп сырғанау |
4-5 жас |
|
2. |
Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, теннис, шайбалы хоккей |
5-8 жас |
|
3. |
Акробатика, спорттық би, гольф, үстел теннисі, бадминтон |
6-8 жас |
|
4. |
Су шаңғы спорты, гандбол, жүзу, суға секіру, батуттта секіру, синхрондық жүзу, ушу, фристайл, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, каратэ спортының түрлері, су добы, желкен спорты, спорттық бағдарлау, спорттық құзырға өрмелеу |
7-9 жас |
|
5. |
Қалашық спорт, футбол, спорт туризмі, семсерлесу, таэквондо |
8-10 жас |
|
6. |
Баскетбол, бейсбол, биатлон, волейбол, коньки тебу спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы екісайысы, тұғырдан шаңғымен секіру, регби, көкалдағы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, қазақ күресі, самбо, есу слаломы |
9-11 жас |
|
7. |
Атлетизм, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркін күрес, грек-рим күресі, гір спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, кикбоксинг, муайтай (тай-бокс), шана спорты, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), триатлон, ауыр атлетика (жасөспірімдер), ат спорты, ат спортының ұлттық түрлері |
10-12 жас |
|
8. |
Мүгедектер арасында дамып келе жатқан бүкіл спорт түрлері |
7-11 жас |
|
9. |
Саят (құсбегі) – аң аулауға шығу |
10-13 жас |
|
10. |
Садақтан ату |
11-13 жас |
|
11. |
Стенд ату, нысана көздеу |
12-14 жас |
|
12. |
Ауыр атлетика (әйел жынысы) |
13-14 жас |
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
||
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
||
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде. |
||
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде. |
||
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
||
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Жеке тұлғаларға тегін. |
||
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
||
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш; |
||
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
||
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде жүргізіледі. |
||
|
|
Спорт резервін және жоғары |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
|
|
____________________________ |
|
||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
"Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларының 10-1-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________ ;
2)___________________________________________________________ ;
3)___________________________________________________________ .
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:_________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым:___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы"___"_________
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спортшының жеке карточкасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ____ Туған жылы, айы, күні ___
Спорт түрі __________________________________________________________
Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _________________
Спорт мектебі _______________________________________________________
Спорт қоғамы _____________________________ Қала _____________________
1-кесте
|
Топтар |
Оқу жылы |
Тексерілген күні |
Физикалық дамуы |
Медициналық қорытынды |
||||||
|
бойы |
салмағы |
табанының ұзындығы |
саусақтарды жұму күші |
ӨӨК |
ОЕП Мл/ мин |
ОЕП Мл /мин/кг |
||||
|
Спорт мектеп қабылданған кездегі бастапқы мәліметтер: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алғашқы даярлық |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу-жаттығу |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық жетілдіру |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары спорт шеберлігі |
Барлық кезең |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨӨК – өкпенің өмірлік көлемі;
ОЕП – оттегін ең көп пайдалану.
Мл – миллилитр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.
2-кесте
|
Топтар |
Оқу жылы |
ЖДД |
АД |
Үздік спорттық көрсеткіш |
Бәсекелестік жаттығу қызметі |
|||||||||
|
30 м жүгіру |
6 мин. жүгіру |
10 сек. жүгіру |
3*10 м айналма жүгіру |
Орнында тұрып ұзындыққа секіру |
Тартылу |
Допты отырып лақтыру 2 кг |
Абалаков бойынша жоғарыға секіру |
Жарыстар саны |
Сөре саны |
Жарыстар күндерінің саны |
||||
|
Бастапқы мәліметтер: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алғашқы даярлық |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу-жаттығу |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық жетілдіру |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары спорт шеберлігі |
Барлық кезең |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Келесі даярлық кезеңіне өту және мектепті бітіру туралы белгілер:
оқу-жаттығу топтарына ______________________________________________;
спорттық жетілдіру топтарына _______________________________________;
жоғары спорт шеберлігі топтарына ___________________________________;
бітіру _____________________________________________________________;
Жаттықтырушы-оқытушы _______________________________________________;
Аға жаттықтырушы-оқытушы ___________________________________________.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖДД – жалпы дене дайындығы.
АД – арнайы даярлық.
Сек – секунд;
М – метр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спорт мектебінің картасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орналасқан жері ____________________, жабдықтар ____________________,
Спорт түрі (түрлері) _____________, ашылған жылы Жинақтау ___________
1-кесте
|
Даярлау кезеңдері |
Оқу жылы |
Оқушылардың, оқу топтардың саны |
|||||||
|
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
||||||
|
топтар |
оқушылар |
топтар |
оқушылар |
топтар |
оқушылар |
топтар |
оқушылар |
||
|
Алғашқы |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу-жаттығу |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық жетілдіру |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары спорт шеберлігі |
Барлық кезең |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылардың сапалық құрамы (біліктілігі)
2-кесте
|
Оқушылардың жасы |
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері |
Спорт шебері |
Спорт шеберіне үміткер |
1 спорттық разряд |
||||||||||||
|
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201__ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201_ж. |
201__ж. |
201__ж. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорт резервін даярлау
3-кесте
|
Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамы |
Оқушылардың саны |
|||
|
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
|
|
Негізгі құрам |
|
|
|
|
|
Жастар құрамы |
|
|
|
|
|
Жасөспірімдер құрамы |
|
|
|
|
Қайта даярланған
4-кесте
|
Біліктілігі |
Оқушылардың саны |
|||
|
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
|
|
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері |
|
|
|
|
|
Спорт шебері |
|
|
|
|
Жарыстарға қатысқан оқушылардың саны
5-кесте
|
Құрамы |
Иеленген орындары |
Халықаралық |
Республикалық |
Облыстық |
|||||||||
|
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
201__ж. |
||
|
Оқушылар |
10-ғы 1-3 орын |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жүлделі жеке және командалық орындар саны
6-кесте
|
Жарыс деңгейі |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
|
Халықаралық |
|
|
|
|
|
Республикалық |
|
|
|
|
|
Облыстық |
|
|
|
|
Директор ______________
Оқу бөлімінің меңгерушісі __________________
Аға жаттықтырушы __________
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) |
Оқу кезеңі |
Бір аптадағы оқу сағаттары |
Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны (ең төменгі саны) |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
Бірінші топ |
Екінші топ |
Үшінші топ |
Төртінші топ |
Бесінші топ |
||
|
Жоғары спорт шеберлігі |
Кезең бойы |
32 сағат |
3 адам |
5 адам |
4 адам |
2 адам |
2 адам |
|
Спорттық жетілдіру |
Бірінші оқу жылы |
24 сағат |
5 адам |
6 адам |
6 адам |
2 адам |
3 адам |
|
Екінші оқу жылы |
26 сағат |
4 адам |
6 адам |
5 адам |
2 адам |
3 адам |
|
|
Екінші оқу жылынан астам |
28 сағат |
4 адам |
6 адам |
5 адам |
2 адам |
3 адам |
|
|
Оқу-жаттығу |
Бірінші оқу жылы |
12 сағат |
8 адам |
10 адам |
10 адам |
4 адам |
5 адам |
|
Екінші оқу жылы |
14 сағат |
8 адам |
10 адам |
10 адам |
4 адам |
4 адам |
|
|
Үшінші оқу жылы |
18 сағат |
6 адам |
10 адам |
8 адам |
3 адам |
4 адам |
|
|
Үш оқу жылынан астам |
20 сағат |
6 адам |
10 адам |
8 адам |
3 адам |
3 адам |
|
|
Алғашқы даярлау |
Бірінші оқу жылы |
8 сағат |
10 адам |
12 адам |
14 адам |
5 адам |
8 адам |
|
Бір оқу жылынан астам |
10 сағат |
8 адам |
12 адам |
12 адам |
5 адам |
6 адам |
|
|
Спорттық-сауықтыру |
Кезең бойы |
6 сағат |
16 адам |
16 адам |
18 адам |
8 адам |
12 адам |
Ескертулер:
1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
2) екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;
3) үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;
4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис, саятшылық (құс бегі) – құсты аңға салу (сұңқар, қаршыға, бүркіт).
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 3-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) |
Оқу кезеңі |
Бір аптадағы оқу сағаттары |
"тірек қимыл аппараты зақымдалған", "көру қабілеті зақымдалған", "есту қабілеті зақымдалған", "интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі" мүгедек тұлғалардың топтарында адамдардың саны (ең төменгі саны) |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
тірек-қимыл аппараты зақымдалған |
көру органы қабілеті бұзылған |
есту қабілеті зақымдалған |
интелектуалдық мүмкіндіктері шектеулі |
||
|
Жоғары спорт шеберлігі |
Кезең бойы |
32 сағат |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
|
Спорттық жетілдіру |
Бірінші оқу жылы |
24 сағат |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
|
Екінші оқу жылы |
26 сағат |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
|
|
Екінші оқу жылынан астам |
28 сағат |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
2 адам |
|
|
Оқу-жаттығу |
Бірінші оқу жылы |
12 сағат |
3 адам |
4 адам |
4 адам |
4 адам |
|
Екінші оқу жылы |
14 сағат |
3 адам |
3 адам |
4 адам |
4 адам |
|
|
Үшінші оқу жылы |
18 сағат |
3 адам |
3 адам |
3 адам |
3адам |
|
|
Үш оқу жылынан астам |
20 сағат |
2 адам |
3 адам |
3 адам |
3 адам |
|
|
Алғашқы даярлау |
Бірінші оқу жылы |
8 сағат |
5 адам |
5 адам |
5 адам |
5 адам |
|
Бір оқу жылынан астам |
10 сағат |
4 адам |
5 адам |
5 адам |
5 адам |
|
|
Спорттық-сауықтыру |
Кезең бойы |
6 сағат |
5 адам |
6 адам |
6 адам |
6 адам |
|
|
Спорт резервін және жоғары |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Нысан
Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы
БЖСМ (МБЖСМ, ОРМБЖСМ) ______________ бөлімдер ________________
керек-жарағы спорт түрі
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
Педагогтік жұмыс өтілі _____________ жыл,
Соның ішінде осы мектепте _____________________________________
қай жылдан бастап
Спорттық атағы _____________ Құрметті атағы __________________
Біліктілігін арттыру
1-кесте
|
Жыл |
Қайта даярлау курстарының атауы |
Қайта даярлаудың ұзақтығы |
№ ____ құжат берілді |
|
|
|
|
|
Жаттықтырушы-оқытушының біліктілігі
2-кесте
|
Жыл |
№ ___ бұйрықпен санат беру |
Жыл |
№ ___ бұйрықпен қайта санат беру |
|
|
|
|
|
Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиешілері – ресми халықаралық
жарыстарға қатысушылар
3-кесте
|
Жыл |
Спортшының Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Жарыстардың атауы |
Бағдарламаның түрі |
Иеленген орны |
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыс көрсеткіштері
4-кесте
|
Көрсеткіштері |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
201___ж. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тариф бойынша апталық жүктемесі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу топтарының және онда шұғылданушылардың |
||||||||
|
Алғашқы даярлық |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу-жаттығу |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық жетілдіру |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары спорт шеберлігі |
Кезең бойы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Құрама командаларға даярланды: |
||||||||
|
негізгі құрам |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жастар құрамы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жасөспірімдер құрамы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жарыстардың жүлдегерлері (адам): |
||||||||
|
республикалық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
халықаралық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық шеберлігін арттыру үшін келесі |
||||||||
|
оқу-жаттығу топтарына |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
спорттық жетілдіру топтарына |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жоғары спорт шеберлігі топтарын |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
шеберлер командаларына |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жоғары спорт шеберлігі мектептеріне |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорт мектебі оқушыларының арасынан оқуға |
||||||||
|
спорттық ЖОО-ға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖОО-ның дене шынықтыру факультеттеріне |
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу бөлімі директорының орынбасары __________________________________
қолы және толтырылған күні
Басшы _______________________________________________
қолы және толтырылған күні