"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қызмет көрсетілетін орын

 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру
"электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

заңды тұлғаларға

Қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

Қажетті құжаттар

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

Қызметтің құны

тегін

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата публикации
21 июля 2020