Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

 

Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат-колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-
интернаттары қызметінің
қағидаларына 1-қосымша

 

"Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

 Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары

 

2.

 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

 

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

 30 минут.

 

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

 

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

 

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Тегін

 

7.

Жұмыс графигі

Қызмет берушілер дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
 Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

 

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының (бұдан әрі - СДБМИ) 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына қабылдау кезінде:
 1) ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін формадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе туу туралы куәлік (жеке сәйкестендіру нөмірінің бар болуы);
3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;
 4) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10, 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде);
6) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы".
 Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;
 7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
 8) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы) 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде), фтизиатриядың қорытындысы;
9) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері республикалық ОРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда);
10) бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері облыстық ОРММИК және СДБМИ-ге оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).
 ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу кезінде:
1) еркін формадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
 3) жалпы орта білім туралы аттестат;
4) Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда);
5) келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді): "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер".
Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;
 6) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде), фтизиатриядың қорытындысы;
8) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері республикалық ОРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда);
 9) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.

 

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) кіріс және (немесе) ұсынылған мәліметтер мен ақпараттың осы Қағиданың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 20 тамызына дейін 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсетін оқушылардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерден жеке қабылданады.
10 және 11-сыныптарға түсетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 маусымынан 20 тамызына дейін қабылданады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар колледжге түсушінің өзінен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

 

         

 

 

 

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау
Дата публикации
21 июля 2020