МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
1 |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты: "Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру" |
|
2 |
Қызмет көрсетілетін орын |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Қызметті алушылар |
Жеке тұлғаларға |
|
4 |
Қызмет көрсету мерзімі |
1 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) айдан артық емес; |
|
5 |
Қажетті құжаттар |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
|
6 |
Қызметтің құны |
тегін |
|
7 |
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғынжайды пайдалану шарты. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. |
|
8 |
Шағымдану тәртібі |
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде, сонымен қатар портал арқылы беріледі. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде, кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі. Шағымда жеке тұлға тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін (болған жағдайда), пошталық мекенжайын және қолын көрсетеді. Қолма-қол немесе пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді. |