«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің Ережесі

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің Ережесі

  1. Жалпы ережелер 
  1. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері және актілерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені бөлім өз қызметінде басшылыққа алады.
  3. Бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім туралы ереже Басқарма басшысымен бекітіледі.
  1. Бөлімнің басты функциялары және құқықтары

Функциялары:

         Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету,

         Спорттық қозғалысты, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау және халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Өз құзіреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты қамтамасыз ету;

Ұлттық, бұқаралық және мүгедектер спорт түрлерін дамыту;

Президенттің тестілерді орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылауды жүзеге асырады.

Спорт түрлері бойынша федерациялармен бірлесіп, спорт түрлерінен облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарды өткізу;

Спорт түрлері бойынша облыс құрама командалардың республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

                Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша (Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру, жергілікті спорттық федерацияларды аккредиттеу) құжаттарды рәсімдейді, жүзеге асырады;

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын әзірлеуге қатысады;

Облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыну;

Спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде функцияларды жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындайды;

Жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастырады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім қызметткерлерінің жауапкершіліктері 
  1. Бөлім қызметткерлері жауапты болады:

Басқарма басшылығының берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға;

Бөлімнің негізгі міндеттерін іске асыруға байланысты, жоспарланған іс-шараларды сапалы орындауға;

Қызметтік нұсқауларға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді атқарғаны үшін;

Жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпаратты беру үшін;

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін;

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапты.

  1. Бөлім құрылымы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы 
  1. Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы және бас маман кіреді, оларды қызметке Басқарма басшысы қабылдайды және босатады.

Бөлім басшысы:

Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;

Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;

Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді;

Өз құзыреті шегінде басқарманың есептік баяндамаларын әзірлеуге қатысады.

  1. Қорытынды
  1. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Бөлім басшысының ұсынысы бойынша, Басқарма басшысының бекітуімен енгізіледі.
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің Ережесі
Дата публикации
28 июля 2020