«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің Ережесі

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер 
  1. Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері және актілерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені бөлім өз қызметінде басшылыққа алады.
  3. Бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім туралы ереже Басқарма басшысымен бекітіледі.
  1. Бөлімнің басты функциялары және құқықтары

Функциялары:

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

Өз құзіреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты қамтамасыз ету;

Спорт түрлері бойынша федерациялармен бірлесіп, спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарды өткізеді;

Спорт түрлері бойынша облыс құрама командалардың республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

Жергілікті спорттық федерацияларды аккредиттеу; спорттық разрядтар мен санаттар беру: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты спортшы-нұсқаушы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші дәрежелі спорт төрешісі; Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру, Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру - көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бойынша құжаттарды рәсімдейді, жүзеге асырады;

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша бірыңғай күнтізбелік жоспарын әзірлейді;

Облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынады;

Спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде функцияларды жүзеге асырады;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындайды;

Жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастырады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім қызметткерлерінің жауапкершіліктері 
  1. Бөлім қызметткерлері жауапты болады:

Басқарма басшылығының берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға;

Бөлімнің негізгі міндеттерін іске асыруға байланысты, жоспарланған іс-шараларды сапалы орындауға;

Қызметтік нұсқауларға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді атқарғаны үшін;

Жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпаратты беру үшін;

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін;

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапты.

  1. Бөлім құрылымы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы 
  1. Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы және бас маман кіреді, оларды қызметке Басқарма басшысы қабылдайды және босатады.

Бөлім басшысы:

Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;

Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;

Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді;

Өз құзыреті шегінде басқарманың есептік баяндамаларын әзірлеуге қатысады.

  1. Қорытынды
  1. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Бөлім басшысының ұсынысы бойынша, Басқарма басшысының бекітуімен енгізіледі.

 

Дата публикации
28 июля 2020