«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоспарлау-қаржыландыру бөлімінің Ережесі

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің жоспарлау-қаржыландыру бөлімінің

Ережесі

  1. Жалпы ережелер

 Жоспарлау-қаржыландыру бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының қаржы кодексін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері және актілерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені бөлім өз қызметінде басшылыққа алады.
  2. Бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім туралы ереже Басқарма басшысымен бекітіледі.
  1. Бөлімнің басты функциялары және құқықтары

Функциялары:

Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;

Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;

Басқарма қызметкерлерінің еңбек ақысын уақытында төлеу, салық және әлеуметтік төлемдерін аудару;

Қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;

Жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім қызметткерлерінің жауапкершіліктері 
  1. Бөлім қызметткерлері жауапты болады:

Басқарма басшылығының берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға;

Бөлімнің негізгі міндеттерін іске асыруға байланысты, жоспарланған іс-шараларды сапалы орындауға;

Қызметтік нұсқауларға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді атқарғаны үшін;

Жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпаратты беру үшін;

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін;

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапты.

  1. Бөлім құрылымы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы 
  1. Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы және бас маман кіреді, оларды қызметке Басқарма басшысы қабылдайды және босатады.

Бөлім басшысы:

Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;

Басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;

Бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді;

Өз құзыреті шегінде басқарманың есептік баяндамаларын әзірлеуге қатысады.

  1. Қорытынды
  1. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Бөлім басшысының ұсынысы бойынша, Басқарма басшысының бекітуімен енгізіледі.
Дата публикации
28 июля 2020