2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджет бойынша АНЫҚТАМА (20.07.2020ж. жағдайы бойынша)  

«Алматы облысының дене шынықтыру

және спорт басқармасы» ММ-нің

2020-2022 жылдарға арналған

азаматтық бюджет бойынша

АНЫҚТАМА

(20.07.2020ж. жағдайы бойынша)

 

 

2020 - 2022 жылдарға басқарма бойынша – 43 267 млн. теңге қолданды, оның ішінде:

2019 – 13 832 млн. теңге;

2020 – 14 881 млн.теңге;

2021 – 14 554 млн. теңге;

Басқарманың стратегиялық жоаспары бойынша 2020-2022 жылдарға 9 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаралғаны:

- ББ 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 182 551 мың теңге. Шығындар басқарма аппаратының штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2020 – 59 698 мың теңге, 2021 – 60 768 мың теңге және 2022 – 62 085  мың теңге).

- ББ 002 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» - 809 635 мың теңге. Шығындар облыстық жарыстарды өткізуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға ай сайынғы ақшалай қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2020 – 270 636 мың теңге, 2021 – 269 363 мың теңге және 2022 – 269 636  мың теңге).

- ББ 003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының  мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» - 20 337 952 мың теңге. Шығындар республикалық және халықаралық спорт жарыстарын өткізуге және қатысуға, сонымен қатар "Жетісу" футбол клубы" КМҚК, «Жастар» спорт ойын түрлері клубы" КМҚК, «Олимп» кәсіпқой регби клубы» МКҚК, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» КМҚК, "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ және "Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы" КММ қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2020 – 6 486 284  мың теңге, 2021 – 6 698 065 мың теңге және 2022 – 6 958 598мың теңге).

- ББ 006 «Балалар мен жасөспірімдерге  спорт бойынша қосымша білім беру» - 8 320 981 мың теңге. Шығындар 15 облыстық жасөспірімдер спорт мектептері мен мүгедектер мектебін ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2020 – 2 660 649  мың теңге, 2021 – 2 799 619 мың теңге және 2022 – 2 860 713 мың теңге).

- ББ 007 «Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру» - 2 493 579 мың теңге. Шығындар Талдықорған қаласындағы облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатты ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2020 – 868 322  мың теңге, 2021 – 803 683 мың теңге және 2022 – 821 574 мың теңге).

- ББ 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 1 015 883 мың теңге. Шығындар спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған, сонымен қатар жеке жылу жүйесімен модуль сатып алу, Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж лукодром нысанының аумағын абаттандыру және қалпына келтіру арқылы оқу ғимаратының күрделі жөндеуі. (Оның ішінде 2020 – 1 015 883 мың теңге).

- ББ 088 «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге кредит беру» - 182 312 мың теңге. Қаражат келесі нысандар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарына бағытталған: Ескелді ауданы Ақын сара ауылындағы Абай көшесі №1 ғимарат, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы БЖСМ ғимараты пен бассейннің қасбеті, Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы  орталық стадионы және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты, Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылындағы стадион. (Оның ішінде 2020 – 182 312 мың теңге).

- ББ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 9 555 404 мың теңге. Қаражат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына арналған. (Оның ішінде 2020 – 1 707 266 мың теңге, 2021 – 4 266 550 мың теңге, 2022 – 3 581 588 мың теңге).

- ББ 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» - 369 000 мың теңге. Бөлінген қаражат Енбекшіқазақ ауданы Бижанов ауылындағы спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған. (Оның ішінде 2020 – 369 000 мың теңге).

 

Жоғарыда аталған ББ-ларды іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануы 31,2%-ға және аймақтық инфрақұрылыммен 55,1% қамтамасыз етіледі.

 

Дата публикации
22 июля 2020