Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт саласын дамыту бойынша ақпарат

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт саласын дамыту бойынша ақпарат

 

Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3587 бірлік (25 стадион, 2 спорт сарайы, 11 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 30 спорт кешені оның ішінде 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб, 1 конькимен жүгіру стадионы, 19 хоккей корты, 2103 жазықтық құрылым, 26 теннис корты, 7 ипподром, 50 бассейн, 879 спорт залы, 176 жалғасып салынған спорт зал) спорттық құрылымдар жұмыс жасайды.

2018 жылдан бастап 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (бұдан әрі – ДШСК) (Карасай ауданы Райымбек а/о және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы) құрылысы басталды, оның ішінде Райымбек ауылдық округіндегі ДШСК мемлекеттік-жекешелік әріптестік желісі бойынша салынып жатыр.

2019 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен (Райымбек ауданының Нарынқол ауылында) ДШСК құрылысы басталды және Қапшағай қаласында ДШСК (МЖӘ желісі бойынша) салынуы жоспарлануда.

2019 жылғы 20 маусым күні Қарасай ауданы Шамалған ауылында Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Үшқоңыр балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ашылды.

Сондай-ақ ағымдағы жылы 4 ДШСК-нің құрылысы "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 4,3 млрд.теңге қаражат бөлінді соның ішінде 3 ДШСК-нің құрлыс монтажтық жұмыстары басталып (Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы, Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы, Көксу ауданы Балпық би ауылында, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында құрлысы жұмыстары басталды.

2019 жылға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 3 ДШСК (Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Іле ауданы Байсерке ауылы және Текелі қаласы) кірді.

Алматы облысында 2021 жылға дейін 20 ДШСК пайдалануға беріледі.

Сондай–ақ, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейннің құрылысы басталды

42 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 49 спорт түрімен 37 519 спортшы шұғылданады, 1397 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс жасайды. Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 5 спорт түрімен 140 оқушы, Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 10 спорт түрімен 482 оқушы, олимпиадалық резерв дайындау орталығында 8 спорт түрімен 144 спортшы, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде 19 спорт түрімен 378 спортшы шұғылданады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып тұрады.

2019 жылдың басынан бері 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 34 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 173 спорт шебері, 998 спорт шеберлігіне үміткер және 425 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды. Халықаралық және республикалық жарыстарда 2537 медаль (906 алтын, 709 күміс және 922 қола) жеңіп алынды.

2019 жылдың жарты жылдық қортындысы бойынша облыста спортпен жүйелі түрде 626 175 адам шұғылданады, бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 30,5 пайызын қамтиды.

Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері республикалық және облыстық 1818 шара (ауылдық жерлерде 1406) ұйымдастырылып, 1 млн. астам адам қатысты оның ішінде (ауылдық жерлерде 687 204 адам) қатысты.

Жалпы облыс бойынша мүмгіндігі шектеулі спортшылар саны 1819. Оның ішінде: «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі таңда 750 спортшы шұғылдануда. Спорт мектебінде 1 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 29 - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 23 - Қазақстан Республикасының спорт шебері және 91 - спорт шеберлігіне үміткер, І-ІІ дәрежедегі 200-ден астам адам бар.

Қазіргі таңда Алматы облысының споршылары 2020 жылы Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан және грек–рим күресінен 5 жолдама ұтып алды.

2019 жылғы ақпан-тамыз айлары аралығында 43 спорттың түрінен Қазақстан Республикасының 5 жазғы спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа Алматы облысының құрама командасы 28 спорт түрінен қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 60 алтын, 44 күміс, 61 қола медальдарды жеңіп алып, жалпы командалық есепте Алматы облысы спортшылары 3 орынды иеленді.

 

Руководитель управления
физической культуры
и спорта Алматинской области Н. Тенизбаев
Дата публикации
25 июня 2020