Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы ақпарат

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының

2021 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы

ақпарат

 

 

  Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына»,  сонымен қатар бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды:

 

БЮДЖЕТ

Ағымдағы жылы облысымыздағы дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға аса көңіл бөлініп, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бюджеттен 2021 жылы 21,5 млрд.теңге бөлінді (оның ішінде жергілікті бюджеттен - 20,3 млрд.теңге, республикалық бюджеттен - 1,2 млрд.теңге -  дене шынықтыру және спорт саласының мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдерінің еңбекақыларын көбейтуге).

 

СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін               3718 бірлік, оның ішінде дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар (ДШМ) – 808, білім беру ұйымдарда (БҰ) - 2652, спорт мектептерде  (СМ) – 258 (оның ішінде ауылдық жерде - 2819, жеменшік – 177) спорттық құрылымдар бар.

Соның ішінде: 26 стадион, 3 спорт сарайы, 13 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 35 спорт кешені (оның ішінде 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені),  1 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб,  1 конькимен жүгіру стадионы, 20 хоккей корты, 2187 жазықтық құрылым, 27 теннис корты, 7 ипподром, 53 бассейн, 910 спорт зал, 179 жалғасып салынған спорт залдар.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (Ұзынағаш ауылында, Жаркент қаласында, Есік қаласында, Кеген ауылында, Үшарал қаласында, Талғар қаласында, Қаскелең қаласы мен Шамалған, Райымбек ауылдарында, Қарабұлақ ауылы, Балпық би ауылында, Нарынқол және Бақанас ауылдарында) қолданыста.

2021 жылы облыста 6 нысанның құрылысы жүргізілді: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 ДШСК-ні (Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы, Балхаш ауданы Бақанас ауылы, Алакөл ауданы Достық кентінде), жергілікті бюджет есебінен 2 ДШСК-ні (Ақсу ауданы Жансүгіров, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) және мемлекеттік жекешелік-әріптестік желісі бойынша              1 нысан (Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейннің инжинерлік желілері бойынша).

Жоғарыда аталған нысандардың 2 ДШСК-ні ағымдағы жылы (Балхаш ауданы Бақанас ауылы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылында) қолданысқа берілді.

Сондай-ақ,  Алакөл ауданы Лепсі ауылында ағымдағы жылы ДШСК-нің құрылысы басталуы жоспарланып отыр.

2021 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылына ДШСК (жалпы сомасы 1,8 млрд. теңге), Сарқан ауданы Сарқан ауылындағы орталық стадионының реконструкциясы (жалпы сомасы 707,6 млн. теңге)  нысандары бойынша жоба-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі-ЖСҚ) әзірленіп, мемлекеттік сараптама қортытындысы алынды. Кезекті маслихат отырысында қарастыруға енгізу үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға қаражат бөлу туралы өтінім берілді. Аталған нысандар құрылысына қаражат бөлінген жағдайда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар әзірленетін болады.

3 ДШСК-нің ЖСҚ әзірленуде (Іле ауданы Байсерке ауылы және Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы ДШСК бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысы 2021 жылдың соңында, ал Сарқан ауданы Сарқан ауылындағы ДШСК-нің ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысы 2022 жылдың                          2 жартыжылдығында алынады деп күтілуде).

Текелі қаласында ДШСК-нің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысының шығу мерзімі 2021 жылдың 22 шілдесіне жоспарланған.

2 нысанның (көгалдағы хоккейге арналған жабық спорттық зал және көркем гимнастика мен шыңға өрмелеуге арналған спорттық кешен) жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында, тұрғындар саны 3 мыңнан асатын спорттық инфрақұрылымдар аса қажет елді мекендерге 30 шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін және  127 стритворкаут ауылдарын салуға ұсыныс берілді.

2020 жылдың желтоқсан айында өткен облыстық маслихаттың шешімі бойынша 127 стритворкаут алаңына 361,5 млн. теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жылы құрылыстары басталмақ.

 

СПОРТТЫҚ МЕКЕМЕЛЕР

Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің қаулысымен аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне қарасты спорт мекемелері басқарманың қарамағына өтті. Қазіргі уақытта бағынышты спорт мекемелерінің жалпы саны 53 бірлік болды. Сонымен қатар, мамыр айында облыс әкімдігінің қаулысымен «Алматы облысының ату спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ашылды.

Жалпы облыс аудандары мен қалаларындағы 43 спорт мектептерінде спорттың 72 түрімен  42 383 спортшы шұғылданады.

Облыста спортпен жүйелі түрде 667 428 адам шұғылданады,  бұл облыс тұрғындарының 32 пайызы.

Облыста  үш кәсіпқой клуб: «Олимп» регби клубы, «Жастар» спорттың ойын түрлері клубы және «Жетісу» футбол клубы; Талғар қаласында ұлттық және ат спорт түрлерінен орталық; Еңбекшіқазақ ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар орталығы; 43 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептер; Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатты; Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжі; олимпиадалық резервті даярлау орталығы; облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі; ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығы жұмыс жасайды.

 

ДАЙЫНДАЛҒАН ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАР САНЫ

2021 жыл басынан 10  халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  62 спорт шебері, 261 спорт шеберлігіне үміткер және 104 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды.

 

ЖЕҢІП АЛЫНҒАН МЕДАЛЬДАР САНЫ

Жыл басынан бері облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2041 медаль (673 алтын, 595 күміс және 773 қола) жеңіп алды.

 

ХХХІІ жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары

2021 жылы Токиода (Жапония) өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына Алматы облысының спортшылары 11 лицензия жеңіп алды:

- грек-рим күресінен – Демеу Жадыраев;

- ауыр атлетикадан – Зүлфия Чиншанло;

- ауыр атлетикадан – Сон Игорь;

- велосипед спортынан (трек) – Пономарев Сергей;

- жеңіл атлетикадан – Ратова Айман;

- жеңіл атлетикадан (ядро лақтыру) – Иванов Иван;

- байдарка мен каноэде есуден - Усова Светлана;

- садақ атудан - Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин;

- садақ ату бойынша-командалық;

2021 жылы 24 тамыз – 5 қыркүйек Токио қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына бүгінгі таңда, Алматы облысының спортшылары Азия, Әлем Чемпионаттарына қатысып  3 лицензия ұтып алды.

ХХХІІ  жазғы  Паралимпиада ойындарына:

- парапауэрлифтинг – Раушан Қойшыбаева,

- парапауэрлифтинг – Рахметжан Хамаев,

 парапауэрлифтинг – Гүлбану Абдыхалықова.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Паралимпиадалық ойындарға лицензия алуға 2 үміткер спортшы бар:

- парасадақатудан Қайрат Сарқұлов, Сағадат Дүйсебаев.

 

 

СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР

Спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес облыс аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады. Жыл басынан облыс көлемінде                              келесі спорт түрлерінен республикалық  жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде: индорхоккейден, самбодан және жауынгерлік самбодан, каратэ шинкиокушинкайдан, қоян-қолтық ұрыстан, таеквондодан, ауыр атлетикадан,   армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаттары.

2021 жылғы 28-29 сәуір аралығында Қарасай ауданы Шамалған ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне «Жетісу бөрісі» Алматы облыстық іріктеу жарысы өтті.

Аталған жарысқа облысымыздың әр аудан және қаласынан бір спортшыдан қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын және «Жетісу бөрісі - 2021» атағын Балқаш ауданының спортшысы Әбдіразақов Руслан жеңіп алды.                    2-орынды Талдықорған қаласының спортшысы Касачев Александр, 3-орынды Іле ауданының спортшысы Рысқұл Ұлан иеленді.

Облыс спортшылары келесідей халықаралық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді:

22-27 ақпанда Украинада өткен бокстан халықаралық турнирде облыс спортшылары 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

23-27 ақпан күндері аралығында Белорусия мемлекетінде бокстан жастар арасында Халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа Алматы облысынан 3 спортшы қатысып, 69 келі салмақта Амангелді Нұржан алтын медальды иеленді.

5-7 наурыз күндері аралығында Италия мемлекетінде өткен ерлер мен әйелдер арасында грек-рим және еркін күресінен рейтингтік Халықаралық турнирде облыс спортшылары 2 алтын және  2 қола медальдарды иеленді.

8-14 наурыз күндері аралығында Германия мемлекетінде бокстан ерлер арасында Халықаралық турнир өтті. Аталған жарыста облыс спортшысы Зейнуллинов Ертуған қола медальды иеленді.

13-14 наурызда Ақтау қаласында өткен дзюдо күресінен Азия Кубогында облыс спортшылары 3 күміс және 2 қола медальдар жеңіп алды.

2021 жылғы 21 наурыз күні Түркия мемлекетінде өткен велосипед спортының маунтинбайктүрінен ерлер арасында Халықаралық турнирде  Денис Сергиенко күміс медальді иеленді.

2021 жылғы 24-28 сәуір күндері аралығында Сербия мемлекетінің Белград қаласында өткен бокстан ерлер  арасында халықаралық турнирде Ертуған Зейнуллинов 1-орынды иеленді.

2021 жылғы 17-25 сәуір күндері аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатынде  Аблай Әуелханов 2 орынды, Сон Игорь 4 орынды және Зульфия Чиншанло 5 орынды иеленді.

2021 жылғы 5-7 мамыр күндері аралығында Паттая (Тайланд) қаласында байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 15 мемлекеттен 200 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшысы Усова Светлана 1 орынды иеленіп, Токио Олимпиадасына жолдаманы ұтып алды.

2021 жылғы 05-10 мамыр күндері аралығында Казан (Ресей) қаласында дзюдодан ересектер арасында «Гранд Слэм» халықаралық жарысы өтті. Аталған жарысқа 25 мемлекеттен 300 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 60 келі салмақта Дәурен Сюкенов 3 орынды иеленді.

2021 жылғы 12-16 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында өткен дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия кубогында облыс спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль иеленді.

2021 жылғы 21-27 мамыр аралығында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 50 мемлекеттен 250 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасы жастар құрамасынан барлығы 7 спортшы, оның ішінде Алматы облысынан 5 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Абылай Әуелханов алтын, Дроздов Алексей мен Ақмолда Сайрамкез күміс және Ыбрай Гүлнұр қола медальді иеленді.

2021 жылғы 12-16 мамыр күндері аралығында Тбилиси қаласында өткен (Грузия) пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогында  облыс спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарды иеленді.

2021 жылғы 28 - 30 мамыр күндері Стамбул (Түркия) қаласында өткен еркін күрестен жастар арасында халықаралық турнирде  облыс спортшысы Рүстем Мырзағалиев 79 келі салмақта күміс медаль иеленді.

2021 жылғы 3-6 маусым күндері Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен самбо күресінен Азия чемпионатында Алматы облысының спортшылары                  4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

2021 жылғы 4-8 маусым күндері аралығында Ташкент (Өзбекстан) өткен қаласында жекпе-жек сайысынан Әлем чемпионатында облыс спортшысы Ахмет Қымбат қола медаль иегері атанды.

2021 жылғы 12-13 маусым күндері аралығында Бішкек қаласында ересектер арасында жеңіл атлетикадан Халықаралық жарыс өтті. Аталған жарысқа 17 мемлекеттен 300 спортшы қатысты. Жарыста облыс спортшысы Иванов Иван ядроны 21,11 м. қашықтыққа лақтырып, Токио Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

2021 жылғы 18-20 маусым күндері аралығында Стамбұл қаласында грек-рим күресінен Халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа 11 мемлекеттен 130 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 77 келі салмақ дәрежесінде Демеу Жадыраев – 2 орын иеленді.

2021 жылдың 21 маусым күні Дубай қаласында (БАӘ) парапауэрлифтинг спорт түрінен Әлем Кубогы жарысында облыс спортшылары Раушан Қойшыбаева мен Рахметжан Хамаев «Токио-2020» ХХХІІ жазғы Паралимпиада ойындарына 2 жолдама жеңіп алды.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және жоғары жетістіктерге жету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

 

 

Басқарма басшысы                                                               Н.Теңізбаев 

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
14 июля 2021