Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына», сонымен қатар бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарды:
Ағымдағы жылы облысымыздағы дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға аса көңіл бөлініп, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бюджеттен 2021 жылы 20,3 млрд.теңге бөлінді (оның ішінде жергілікті бюджеттен - 19,1 млрд.теңге, республикалық бюджеттен - 1,2 млрд.теңге - дене шынықтыру және спорт саласының мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдерінің еңбекақыларын көбейтуге).
Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін спорттық құрылымдардың саны артып, қазіргі уақытта 3702 бірлікті құрады (оның ішінде: 26 стадион, 3 спорт сарайы, 13 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 33 спорт кешені (оның ішінде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені), 1 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб, 1 конькимен жүгіру стадионы, 20 хоккей корты, 2179 жазықтық құрылым, 27 теннис корты, 7 ипподром, 53 бассейн, 902 спорт зал, 179 жалғасып салынған спорт залдар және 2 (скалодром) шыңға өрлеу керегесі).
Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (Ұзынағаш ауылында, Жаркент қаласында, Есік қаласында, Кеген ауылында, Үшарал қаласында, Талғар қаласында, Қаскелең қаласы мен Шамалған, Райымбек ауылдарында, Қарабұлақ ауылы мен Балпық би ауылында) қолданыста.
2021 жылы облыста 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр: «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 ДШСК-ні (Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы, Балхаш ауданы Бақанас ауылы, Алакөл ауданы Достық кентінде), жергілікті бюджет есебінен 2 ДШСК-ні (Ақсу ауданы Жансүгіров, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) және мемлекеттік жекешелік-әріптестік желісі бойынша 1 нысан (Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейннің инжинерлік желілері бойынша).
Сондай-ақ, 10 нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жеке сараптамаға берілді, оның 4 ДШСК (Еңбекшіқазақ, Қаратал, Іле аудандары мен Текелі қаласында) 6 спорттық кешендер (2 Райымбек, 2 Панфилов, Ұйғыр және Алакөл аудандарында).
2 нысанның (көгалдағы хоккейге арналған жабық спорттық зал және көркем гимнастика мен шыңға өрмелеуге арналған спорттық кешен) жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында, тұрғындар саны 3 мыңнан асатын спорттық инфрақұрылымдар аса қажет елді мекендерге 30 шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін және 127 стритворкаут ауылдарын салуға ұсыныс берілді.
2020 жылдың желтоқсан айында өткен облыстық маслихаттың шешімі бойынша 127 стритворкаут алаңына 361,5 млн. теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жылы құрылыстары басталмақ.
2021 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша облыста спортпен жүйелі түрде 651 513 адам шұғылданады, бұл облыс тұрғындарының 31,4 пайызы.
Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің қаулысымен аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне қарасты спорт мекемелері басқарманың қарамағына өтті. Қазіргі уақытта бағынышты спорт мекемелерінің жалпы саны 52 бірлік.
Облыста үш кәсіпқой клуб: «Олимп» регби клубы, «Жастар» спорттың ойын түрлері клубы және «Жетісу» футбол клубы; Талғар қаласында ұлттық және ат спорт түрлерінен орталық; Еңбекшіқазақ ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар орталығы; 43 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (онда 70 спорт түрімен 42007 спортшы шұғылданды); Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың (контингенті – 150 бала); Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжі (контингенті – 475); олимпиадалық резервті даярлау орталығы (контингенті – 155); облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі (контингенті – 454); ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығы (контингенті – 79) жұмыс жасайды.
Есепті кезеңде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 спорт шебері, 63 спорт шеберлігіне үміткер және 31 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды.
Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2021 жылдың 1 тоқсанында 239 республикалық және облыстық іс-шаралар өткізілді (оның ішінде ауылдық жерлерде 164), оған 19,3 мыңға жуық адам (ауылдық жерлерде 14,8 мың адам) қатысты.
Облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 600 медаль (197 алтын, 173 күміс және 230 қола) жеңіп алды.
2021 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қазіргі таңда Алматы облысының споршылары грек–рим күресінен, садақ атудан, жеңіл атлетикадан, велосипед спортынан және ауыр атлетикадан 8 жолдама ұтып алды. Алдағы уақытта қосымша 4 лицензия ұтып алу жоспарлануда.
Спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес облыс аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады. Есепті кезеңде облыс көлемінде 26 республикалық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде: индорхоккейден, самбодан және жауынгерлік самбодан, каратэ шинкиокушинкайдан, қоян-қолтық ұрыстан, таеквондодан, ауыр атлетикадан, армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаттары.
Облыс спортшылары келесідей халықаралық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді:
22-27 ақпанда Украинада өткен бокстан халықаралық турнирде облыс спортшылары 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
23-27 ақпан күндері аралығында Белорусия мемлекетінде бокстан жастар арасында Халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа Алматы облысынан 3 спортшы қатысып, 69 келі салмақта Амангелді Нұржан алтын медальды иеленді.
5-7 наурыз күндері аралығында Италия мемлекетінде өткен ерлер мен әйелдер арасында грек-рим және еркін күресінен рейтингтік Халықаралық турнирде облыс спортшылары 2 алтын және 2 қола медальдарды иеленді.
8-14 наурыз күндері аралығында Германия мемлекетінде бокстан ерлер арасында Халықаралық турнир өтті. Аталған жарыста облыс спортшысы Зейнуллинов Ертуған қола медальды иеленді.
13-14 наурызда Ақтау қаласында өткен дзюдо күресінен Азия Кубогында облыс спортшылары 3 күміс және 2 қола медальдар жеңіп алды.
2021 жылғы 21 наурыз күні Түркия мемлекетінде өткен велосипед спортының маунтинбайктүрінен ерлер арасында Халықаралық турнирде Денис Сергиенко күміс медальді иеленді.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және жоғары жетістіктерге жету бойынша жұмыс жалғасатын болады.