285 «Алматы облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы» ММ-нің бюджетті нақтылау кезеңінде (сәуір)
2021-2023 жылдарға арналған
азаматтық бюджет бойынша
АНЫҚТАМА
2021 - 2023 жылдарға басқарма бойынша – 55 233 млн. теңге қолданды, оның ішінде:
2021 – 19 446 млн. теңге;
2022 – 17 940 млн. теңге;
2023 – 17 847 млн. теңге.
Басқарманың стратегиялық жоаспары бойынша 2021-2023 жылдарға 8 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаралғаны:
- ББ 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 192 227 мың теңге. Шығындар басқарма аппаратының штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2021 – 66 638 теңге, 2022 – 62 085 мың теңге және 2023 –63 504 мың теңге).
- ББ 002 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» - 1 170 069 мың теңге. Шығындар облыстық жарыстарды өткізуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға ай сайынғы ақшалай қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2021 – 371 156 мың теңге, 2022 – 389 714 мың теңге және 2023 – 409 199 мың теңге).
- ББ 003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» - 14 553 231 мың теңге. Шығындар республикалық және халықаралық спорт жарыстарына дайындық, өткізуге және қатысуға, сонымен қатар 2021 жылға «Жетісу» футбол клубы» КМҚК – 1162 406 мың теңге, «Жастар» спорт ойын түрлері клубы» КМҚК - 1019589 мың теңге, «Олимп» кәсіпқой регби клубы» МКҚК – 188 222 мың теңге, «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша орталық» КМҚК - 264 268 мың теңге, "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ және "Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы" КММ қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2021 – 4 989 035 мың теңге, 2022 – 4 709 907 мың теңге және 2023 – 4 854 289 мың теңге).
- ББ 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 3 736,0 мың теңге.
- ББ 006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» - 25 071 113 мың теңге. Шығындар 46 облыстық жасөспірімдер спорт мектептері мен мүгедектер мектебін ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2021 – 8280650 мың теңге, 2022 – 8 053 231 мың теңге және 2023 – 8 737 232 мың теңге).
- ББ 007 «Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру» - 3 385 196 мың теңге. Шығындар Талдықорған қаласындағы облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатты ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2021 – 973 995 мың теңге, 2022 – 1 148 972 мың теңге және 2023 – 1 262 229 мың теңге).
- ББ 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 495 078 мың теңге.
- ББ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 10 362 824 мың теңге. Қаражат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына арналған. (Оның ішінде 2021 – 4 265 491 мың теңге, 2022 – 3 576 565 мың теңге, 2023 – 2 520 768 мың теңге).
Жоғарыда аталған ББ-ларды іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануы 31,2%-ға және аймақтық инфрақұрылыммен 55,1% қамтамасыз етіледі.