Балалар мен жасөспірімдерге
арналған спорт секцияларын
жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыру
қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
|
А. Раимкулова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 28.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22637 болып енгізілді
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығымен бекітілген |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт
секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік
қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) мемлекеттік спорттық тапсырыс – мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес анықтайтын және өнім берушілерде олардың меншік нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекет қаржыландырудағы көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс);
2) мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген мемлекеттік құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі – қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі);
3) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі;
4) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
2-тарау. Көрсетілген қызметтер үшін жан басына
шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі
Электрондық есеп барлық балалар топтарына барудың электрондық табельдерін және осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген, дәлелді себептер бойынша әрбір баланың келмей қалуын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қамтиды.
Әрбір балаға келудің электрондық табелі оның заңды өкілімен электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе жеке кабинет арқылы немесе абоненттік нөмірге бір реттік пароль арқылы қысқа мәтіндік хабарлама түрінде расталады.
1) Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
2) дәлелді себептер бойынша баланың келмей қалуын осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді;
3) электрондық келу табелінде көрсетілген мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың мәртебесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;
4) электрондық қатысу табелінде көрсетілген балалардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған электрондық есептің осы Қағидалардың 5 және
6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оператор оны түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнім берушіге пысықтауға жібереді.
Өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оператордан электрондық есепті пысықтау туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық есепті операторға қайта жібереді
Электрондық есепті пысықтағаннан кейін өнім берушіге ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін төлем сомасына әрбір бала бойынша мынандай дәлелді себептермен өткізіп алған сабақтар енгізіледі:
1) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 037/у нысаны бойынша студенттің, колледж, кәсіптік-техникалық училище оқушысының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы, ауруы, карантині және мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын баланың болмауының өзге де себептері туралы анықтаманың негізінде;
2) заңды өкілінің еңбек демалысы кезеңіндегі оның жазбаша өтініші негізінде, бірақ жылына 6 сабақтан аспауы керек.
Мемлекет тарапынан шектеу шараларынан, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар себебінен туындаған, нәтижесінде балалар спорт секцияларына бармай қалуы кезіндегі өнім берушілердің мәжбүрлі бос тұруы кезеңінде ақы төлеу Әдістеменің 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген талаптар Әдістемеге сәйкес қашықтықтан өткізілетін сабақтарға қолданылмайды.
Өнім беруші өткен есептік кезеңдер үшін дәлелді себептер бойынша, алайда осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген дәлелді себептер бойынша ағымдағы есептік кезеңге қатысты 3 (үш) айдан кешіктірмей баланың қатыспауы туралы растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда Оператор қайта есептеуді және төлем сомасын қосымша есептеуді жүргізеді.
1) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттарды уақтылы ұсынған өнім берушілерге есептік айдан кейінгі айдың 18-ші күніне дейін;
2) құжаттарды белгіленген мерзімнен кеш ұсынған өнім берішілерге есептік кезеңнен кейінгі айдың 30-шы күніне дейінгі мерзімде;
3) құжаттарды уақтылы ұсынған, бірақ оператор түзетуге қайтарған өнім беруішілерге сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жібереді.
1) өнім беруші электрондық есепті операторға 20 желтоқсаннан кешіктірмей жібереді;
2) ұсынылған электрондық есептің осы Қағидалардың 5 және
6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздіктері анықталған жағдайда, оператор өнім берушіге электрондық есепті 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;
3) өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оператордан электрондық есепті пысықтау туралы хабарлама алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық есепті операторға қайта жібереді;
4) оператор 25 желтоқсанға дейін өнім берушінің ағымдағы жылғы желтоқсанда көрсеткен қызметтері үшін өнім берушілерге соманы есептеуді және төлеуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 28.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22637 болып енгізілді