Балалар мен жасөспірімдерге
арналған спорт секцияларының
рейтингін айқындау қағидаларын
бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
|
А. Раимкулова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 27.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22632 болып енгізілді
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 112 бұйрығымен бекітілген |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының
рейтингін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау тәртібі
4.Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін қалыптастыру Заңның 7-бабының 65-11) тармақшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген жағдайлардамемлекеттік тапсырыс шеңберінде спорт секциясына қатысатын баланың заңды өкілінің, цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде баға қою жолымен жүзеге асырылады.
1) спорттық процесті ұйымдастыру, балаға міндеттерді түсіндірудің қолжетімділігі;
2) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясының материалдық-техникалық жарақтандырылуы.
Р=Б/А, мұндағы:
Р – спорттық секциялардың рейтингі;
Б – бағалауға қатысқан заңды өкілдердің қойған баллдарының жалпы сомасы;
А – баға қойған заңды өкілдердің жалпы саны.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 27.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22632 болып енгізілді