285 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің азаматтық бюджеті 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында

285 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің азаматтық бюджеті 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында

 

2022 - 2024 жылдарға басқарма бойынша – 51 595 млн. теңге қолданды, оның ішінде:

2022 жыл – 17 977 млн. теңге;

2023 жыл – 17 888 млн. теңге;

2024 жыл – 15 730 млн. теңге.

Басқарманың стратегиялық жоаспары бойынша 2022-2024 жылдарға 8 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаралғаны:

- ББ 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 227 млн. теңге. Шығындар басқарма аппаратының штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған (15 штаттық және 3 штаттан тыс бірліктердің еңбек ақысы аударымдарымен, кеңсе тауарларын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, бух. бағдарламалар қызметтеріне ақы, іссапар шығындары). (Оның ішінде 2022 – 71 млн. теңге, 2023 – 77 млн. теңге және 2024 – 79 млн. теңге).

- ББ 002 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» - 1229 млн. теңге. Шығындар облыстық іс-шараларды және әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға ай сайынғы ақшалай қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2022 – 390 млн. теңге, 2023 – 409 млн. теңге және 2024 – 430 млн. теңге).

- ББ 003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының  мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» - 14 718 млн. теңге. Шығындар республикалық және халықаралық әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстарын өткізуге және қатысуға, сонымен қатар «Жетісу» футбол клубы» МКҚК, «Жастар» спорт ойын түрлері клубы» МКҚК, «Олимп» кәсіпқой регби клубы» МКҚК, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» МКҚК, "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ және "Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы" КММ қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2022 – 4737 млн. теңге, 2023 – 4882 млн. теңге және 2024 – 5098 млн. теңге).

- ББ 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 0,0 млн. теңге.

- ББ 006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» - 25 591 млн. теңге. Шығындар 44 облыстық жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектер мектебі және «Алматы облысының балалар мен жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсия орталығы» МКҚК ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2022 – 8053 млн. теңге, 2023 – 8737 млн. теңге және 2024 – 8800 млн. теңге).

- ББ 007 «Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру» - 3723 млн. теңге. Шығындар Талдықорған қаласындағы облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатты ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2022 – 1149 млн. теңге, 2023 – 1262 млн. теңге және 2024 – 1312 млн. теңге).

- ББ 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 0,0 млн. теңге.

- ББ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 6107 млн. теңге. Қаражат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына арналған: 1) Қарасай ауданының Шамалған ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және пайдаланылуы; 2) Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы және пайдаланылуы; 3) Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округіндегі дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы мен пайдалануы; 4) Текелі қаласында «Батыр» спорт кешенін жалға алу; 5) Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы "Тарлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету. (Оның ішінде 2022 – 3577 млн. теңге, 2023 – 2521 млн. теңге, 2024 – 10 млн. теңге).

 

Жоғарыда аталған ББ-ларды іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануы 36%-ға және аймақтық инфрақұрылыммен 59,2% қамтамасыз етіледі.

 

 

285 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің азаматтық бюджеті 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру сатысында
Дата публикации
17 мая 2021