І.2021 жылғы 19-24 сәуір күндері аралығында Іле ауданында ересектер арасында байдарка мен каноэде есуден ҚР чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 12 командадан 200 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.
ІІ. 2021 жылғы 24 сәуір күні Петропавл қаласында футболдан Премьер лигадағы командалар арасында ҚР чемпионатының 7-тур аясында ойын өтті.
«Жетісу» командасы «ҚызылЖар» командасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліс тапты.
ІІІ. 2021 жылғы 29 сәуір күні Талдықорған қаласында футболдан Премьер лигадағы командалар арасында ҚР чемпионатының 8-тур аясында ойын өтті.
«Жетісу» командасы «Шахтер Караганда» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.
ІV. 2021 жылғы 22-27 сәуір күндері аралығында Семей қаласында самбо күресінен жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 17 командадан 350 спортшы қатыcып, Алматы облысынан 35 спортшы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша облысы спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль иеленді.
Аталған жарысқа 6 командадан 23 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша облысы спортшылары 1, 2, 3-орындарды иеленді.
VІ. 2021 жылғы 20-26 сәуір күндері аралығында Орал қаласында волейболдан Жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында ҚР чемпионатының 5-тур ойындары өтті.
Аталған жарысқа 8 командадан 100 спортшы қатысты.
5-турдың қорытындысы бойынша «Жетісу-Жастар» командасы келесідей нәтижелер көрсетті:
«Жетісу-Жастар» - «Қайсар» 2:3
«Жетісу-Жастар» - «Тұран-Түркістан» 3:1
«Жетісу-Жастар» - «Динамо-Қазығұрт» 3:1
«Жетісу-Жастар» - «Ақтөбе» 3:0
Турнир кестесінде «Жетісу-Жастар» командасы 47 ұпаймен 4-орынға орналасты.
VІІ. 2021 жылғы 23-25 сәуір күндері аралығында Қарағанды қаласында каратэ-додан барлық жас ерекшеліктері арасында республикалық турнир өтті.
Аталған жарысқа 11 командадан 560 спортшы қатыcты. Алматы облысынан 23 спортшы бақ сынады.
Жарыстың қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль иеленді.
VІІІ. 2021 жылғы 19-30 сәуір күндері аралығында Іле ауданында жастар арасында байдарка мен каноэде есуден ҚР чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 11 командадан 160 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша облыс спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді.
IХ. 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде.
Аталған жарысқа 17 командадан 550 спортшы қатысуда.
Бүгінгі күнге облыс құрамасының қоржынында 2 алтын және 1 қола медаль бар.
Х. 2021 жылғы 24 сәуір күні Алматы қаласында «Тұлпар» ат спорты клубының кубогі өтті.
Аталған жарысқа 5 клубтан 26 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Турсунов Рамиль 2-орын, Пак Сабина 3-орын иеленді.
ХІ. 2021 жылғы 24-28 сәуір күндері аралығында Сербия мемлекетінің Белград қаласында бокстан ерлер арасында халықаралық турнир өтті.
Аталған жарысқа 15 мемлекеттен 250 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Ертуған Зейнуллинов 1-орынды иеленді.
ХІІ. 2021 жылғы 29-30 сәуір күндері аралығында Текелі қаласында велосипед спортының ВМХ түрінен ҚР Чемпионатының 1-туры өтуде.
Аталған жарысқа 70 спортшы қатысуда. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша облыс спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді.
ХІІІ. 2021 жылғы 28-29 сәуір аралығында Қарасай ауданы Шамалған ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне «ЖЕТІСУ БӨРІСІ» Алматы облыстық іріктеу жарысы өтті.
Аталған жарысқа облысымыздың әр аудан және қаласынан бір спортшыдан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын және «ЖЕТІСУ БӨРІСІ - 2021» атағын Балқаш ауданының спортшысы Әбдіразақов Руслан жеңіп алды. 2-орынды Талдықорған қаласының спортшысы Касачев Александр, 3-орынды Іле ауданының спортшысы Рысқұл Ұлан иеленді.
Басқарма басшысы Н. Теңізбаев
Орынд.: Б.Тұрлыбеков
Тел.: 25-41-63
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
2021 жылғы 03 – 09 мамыр күндері аралығындағы апталық
жұмыс жоспары
|
№ |
Іс-шараның аталуы |
Өтетін мерзімі мен орны |
Жауапты |
|
1 |
Велосипед спортынан жастар арасында ҚР тау чемпионаты |
02-06 мамыр Талғар қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
2 |
Садақ атудан жастар мен жасөспірімдер арасында 28 Батыр Панфиловшыларды еске алуға арналған Республикалық турнир |
02-09 мамыр Талдықорған қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
3 |
Футболдан Премьер лигадағы командалар арасында ҚР чемпионатының 9-тур ойындары «Ақжайық» – «Жетісу» |
3 мамыр Орал қаласы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
4 |
Гір көтеру спортынан ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты |
03-06 мамыр Щучинск қаласы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
5 |
Футболдан 2009 ж.т. жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты |
03-08 мамыр Талдықорған қаласы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
6 |
Волейболдан ҚР 5-Жастар спорттық ойындары |
03-10 мамыр Орал қаласы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
7 |
Желкенді спорттан ҚР чемпионаты |
03-11 мамыр Қапшағай қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
8 |
Ат спортынан (кедергілерден өту) ҚР 5-Жастар спорттық ойындары |
04-08 мамыр Талғар қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
9 |
Жеңіс күніне арналған ұлттық ат спорт түрлерінен жарыстар |
05-09 мамыр Талдықорған қаласы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
10 |
Таеквондодан ҚР 5-Жастар спорттық ойындары |
05-10 мамыр Ақтөбе қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
11 |
Грек-рим күресінен жастар арасында Ж.Үшкемпіровты еске алуға аранлған халықаралық турнир |
06-09 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
12 |
Тенгри марафоны
|
07-09 мамыр Іле ауданы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
13 |
Велосипед спортынан (критериум 2-тур) ерлер арасында ҚР чемпионаты |
08-09 мамыр Талғар қаласы |
Олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімі |
|
14 |
Футболдан Премьер лигадағы командалар арасында ҚР чемпионатының 10-тур ойындары «Жетісу» – «Ақтөбе» |
9 мамыр Талдықорған қаласы |
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімі |
|
15 |
Негізгі құжаттармен жұмыс |
Апта ішінде |
Басқарма қызметкерлері |
Басқарма басшысы Н. Теңізбаев
Орынд.: Б.Тұрлыбеков
Тел.: 25-41-63