2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджет бойынша анықтама

«Алматы облысының дене шынықтыру

және спорт басқармасы» ММ-нің

2021-2023 жылдарға арналған

азаматтық бюджет бойынша

АНЫҚТАМА

 

 2021 - 2023 жылдарға басқарма бойынша – 54 110 млн. теңге қолданды, оның ішінде:

2021 – 18 323 млн. теңге;

2022 – 17 940 млн. теңге;

2023 – 17 847 млн. теңге.

Басқарманың стратегиялық жоаспары бойынша 2021-2023 жылдарға 8 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаралғаны:

- ББ 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 185 573 мың теңге. Шығындар басқарма аппаратының штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2021 – 59 984 мың теңге, 2022 – 62 085 мың теңге және 2023 –63 504 мың теңге).

- ББ 002 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» - 1 170 069 мың теңге. Шығындар облыстық жарыстарды өткізуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға ай сайынғы ақшалай қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2021 – 371 156 мың теңге, 2022 – 389 714 мың теңге және 2023 – 409 199  мың теңге).

- ББ 003 «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының  мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» - 14 162 141 мың теңге. Шығындар республикалық және халықаралық спорт жарыстарына дайындық, өткізуге және қатысуға, сонымен қатар 2021 жылға «Жетісу» футбол клубы» КМҚК - 962 406 мың теңге, «Жастар» спорт ойын түрлері клубы» КМҚК - 686 815 мың теңге, «Олимп» кәсіпқой регби клубы» МКҚК - 154 906 мың теңге, «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша орталық» КМҚК - 214 268 мың теңге, "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ және "Алматы облысының Олимпиядалық резервтер дайындау орталығы" КММ қамтамасыз етуге бағытталған. (Оның ішінде 2021 – 4 597 945 мың теңге, 2022 – 4 709 907 мың теңге және 2023 – 4 854 289 мың теңге).

- ББ 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 3 736,0 мың теңге.

- ББ 006 «Балалар мен жасөспірімдерге  спорт бойынша қосымша білім беру» - 24 279 806 мың теңге. Шығындар 43 облыстық жасөспірімдер спорт мектептері мен мүгедектер мектебін ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2021 – 7 489 343 мың теңге, 2022 – 8 053 231 мың теңге және 2023 – 8 737 232 мың теңге).

- ББ 007 «Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру» - 3 411 098 мың теңге. Шығындар Талдықорған қаласындағы облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатты ұстауға жұмсалады. (Оның ішінде 2021 – 999 897 мың теңге, 2022 – 1 148 972 мың теңге және 2023 – 1 262 229 мың теңге).

- ББ 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 535 198,0 мың теңге.

- ББ 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 10 362 824 мың теңге. Қаражат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына арналған. (Оның ішінде 2021 – 4 265 491 мың теңге, 2022 – 3 576 565 мың теңге, 2023 – 2 520 768 мың теңге).

 Жоғарыда аталған ББ-ларды іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануы 31,2%-ға және аймақтық инфрақұрылыммен 55,1% қамтамасыз етіледі.

 

 

 

2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджет бойынша анықтама
Дата публикации
31 декабря 2020