«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді  қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 872772-3-40-48 (Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы),    телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Қонаев қаласы, 1-ықшам ауданы, 43 үй,   2 қабат              10 кабинет, жұмыспен қамту және ұйымдастыру бөлімі, эл.пошта: otdzan@mail.ru.