
2025 жылдың 4 ақпан күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа аталған мекемелердің басшылары қол қойды: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ахметова А. М. және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Меморандумның негізгі мақсаты өз қарамағындағы аумақтардағы әр түрлі апаттар, дүлей зілзалалар және апаттар салдарынан туындаған төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу болып табылады.
Келісім шеңберінде ұйымдастырылатын іс-шаралар тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға және өрт сөндіру, эвакуациялық бағыттарды жоспарлау және төтенше жағдайларда әрекет ету үшін қажетті құралдарды дайындау бойынша жедел шараларды іске асыруға бағытталған.
Сондай ақ, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін төтенше жағдайларда бағдарлауға және қауіпсіз қозғалуға көмектесетін тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуге ерекше назар аударылады.