
2024 жылғы 30 қазан сағат 15:00 - де облыс әкімдігінде Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Әлеуметтік қорғау саласы бойынша көрсетілген қызметтер (2024 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы);
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған арнайы контингент арасында наркомания, алкоголизм және АҚТҚ/ЖҚТБ-ның (ВИЧ/СПИД) ауруына шалдыққан азаматтарға көрсетілетін ақысыз медициналық көмек және оларды диспансерлік тіркеуге алу туралы;
3. Бас бостандығын айыру орындарында сотталғандарды жұмыспен қамту және бизнес бірлестіктерді түзеу мекемелеріне тарту, «Еңбек жауғашты» РМК–ды тапсырыстармен қамтамасыз ету жұмыстары туралы.